Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 қазандағы N 395 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.10 № 924 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 914 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 37, 442-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлімнің "Бағдарламаны қаржыландыру көздері" деген кіші бөлімінде "ішкі қарыздар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Қажетті ресурстар және Бағдарламаны қаржыландыру көздері" деген 6-бөлімнің бірінші абзацында "сыртқы қарыздар мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламасының іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру және ауыл шаруашылығында өнім өлшеміне үлестік су жұмсауды төмендету" деген 2-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 2.1-жолда:
      5-бағандағы "2008" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "120,000" деген сандар алынып тасталсын;
      8-баған "120,000" деген сандармен толықтырылсын;
      "Барлығы" деген жолда:
      6-бағандағы "372,700" деген сандар "252,700" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "181,128" деген сандар "301,128" деген сандармен ауыстырылсын.
      "Су пайдаланудың осы заманғы тәсілдері мен әдістерін игеру, су шаруашылығы жүйелерін су өлшеу, суды есепке алу және су реттеу құралдарымен жарақтандыру" деген 3-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 3.1-жолда:
      5-бағандағы "2008" деген сандар "2010" деген сандармен ауыстырылсын;
      6-бағандағы "38,000" деген сандар алынып тасталсын;
      8-баған "38,000" деген сандармен толықтырылсын;
      "Барлығы" деген жолда:
      6-бағандағы "347,300" деген сандар "309,300" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "348,232" деген сандар "386,232" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Су ресурстары бойынша жиыны" деген жолда:
      6-бағандағы "2296,300" деген сандар "2138,300" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "2771,169" деген сандар "2929,169" деген сандармен ауыстырылсын;
      "гранттар" деген жолда:
      6-бағандағы "158,000" деген сандар алынып тасталсын;
      8-баған "158,000" деген сандармен толықтырылсын;
      "Балық шаруашылығының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру" деген 4-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 4.1-жолда:
      3-бағандағы "АШМ бұйрығы" деген сөздер "Үкіметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-баған ", 2009 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 4.2-жолда:
      3-бағандағы "АШМ бұйрығы" деген сөздер "Үкіметке ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-баған ", 2009 жылдың 1-тоқсаны" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру" деген 10-кіші бөлімде:
      "Бағдарлама бойынша барлығы" деген жолда:
      6-бағандағы "3801,887" деген сандар "3643,887" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "4344,086" деген сандар "4502,086" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Байланыссыз гранттар" деген жолда:
      6-бағандағы "158,000" деген сандар алынып тасталсын;
      8-баған "158,000" деген сандармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады