Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 278 қаулысымен енгізілген "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі арасындағы Халықаралық әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов