Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі N 469 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қ АУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      "8) "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы".";
      3-тармақта "республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - министрлік) Стратегиялық жоспарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақта "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан ірі — министрлік)" деген сөздер "министрлікке" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9-бөліммен толықтырылсын:
      "9. Агроөнеркәсіптік кешенді "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының қатысуымен қолдау тәртібі
      55. Осы бөлімде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы білімді тарату жүйесі - ауыл шаруашылығы саласындағы әдістер мен технологияларды жетілдіруге, ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі мен кірістілігін арттыруға және агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне арналған оқыту және практикалық бағдаламаларды іске асыру жолымен ауылдық аумақтардың тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі;
      56. Агроөнеркәсіптік кешенді "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазАгроИнновация" АҚ) қатысуымен қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті дамыту;
      2) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық қызметті ынталандыру және дамыту;
      3) агроөнеркәсіптік кешен саласында адам ресурстарын дамыту.
      57. Агроөнеркәсіптік кешенді "ҚазАгроИнновация" АҚ қатысуымен қолдау заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргізу, жоғары бағалы өсімдіктер сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорларын сақтау және дамыту жолдары арқылы агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтер көрсету;
      2) инновациялық жобаларды қаржыландыруға қатысу, агроөнеркәсіптік кешенде инновациялық инфрақұрылымды құруға және дамытуға көмек көрсету, инновация, зияткерлік меншікті қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықтың дамуына көмек көрсету арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне перспективалы агротехнологияларды енгізу (коммерцияландыру және трансферт (қарыз алу);
      3) мамандандырылған инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді оқыту жолымен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы білімді тарату саласында қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О внесении дополнений и изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 апреля 2009 года № 469

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июля 2006 года № 645 "О некоторых вопросах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций" (САПП Республики Казахстан, 2006 г., № 25, ст. 257) следующие дополнения и изменения:
      в Правилах поддержки агропромышленного комплекса с участием специализированных организаций, утвержденных указанным постановлением:
       пункт 1 дополнить подпунктом 8) следующего содержания:
      "8) акционерное общество "КазАгроИнновация".";
      в пункте 3 слова "паспортами республиканских бюджетных программ" заменить словами "Стратегическим планом Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - министерство)";
      в пункте 5 слова "Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - министерство)" заменить словом "министерство";
      дополнить разделом 9 следующего содержания:
      "9. Порядок поддержки агропромышленного комплекса с участием акционерного общества "КазАгроИнновация"
      55. В настоящем разделе используются следующие основные понятия:
      1) система распространения знаний в области агропромышленного комплекса - система мер, направленная на совершенствование методов и технологий в сфере сельского хозяйства, повышение эффективности и доходности сельскохозяйственного производства и обеспечение устойчивого экономического и социального развития сельских территорий путем реализации обучающих и практических программ для субъектов агропромышленного комплекса;
      2) прикладные научные исследования - деятельность, направленная на получение и применение новых знаний для достижения практических целей в области агропромышленного комплекса.
      56. Поддержка агропромышленного комплекса с участием акционерного общества "КазАгроИнновация" (далее - АО "КазАгроИнновация") осуществляется по следующим направлениям:
      1) развитие научной и научно-технической деятельности;
      2) стимулирование и развитие инновационной деятельности в области агропромышленного комплекса;
      3) развитие человеческих ресурсов в области агропромышленного комплекса.
      57. Поддержка агропромышленного комплекса с участием АО "КазАгроИнновация" в установленном законодательством порядке осуществляется посредством:
      1) оказания научных и научно-технических услуг в сфере агропромышленного комплекса путем проведения прикладных научных исследований, сохранения и развития генофонда высокоценных сортов растений, пород и видов сельскохозяйственных животных, птиц и рыб;
      2) внедрения (коммерциализации и трансферта (заимствования) перспективных агротехнологий в сельскохозяйственное производство путем участия в финансировании инновационных проектов, создания и содействия развитию инновационной инфраструктуры в агропромышленном комплексе, содействия развитию международного сотрудничества в области инноваций, защиты интеллектуальной собственности;
      3) оказания услуг в сфере распространения знаний в области агропромышленного комплекса путем формирования и развития специализированной инфраструктуры и обучения сельскохозяйственных товаропроизводителей.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после первого официального опубликования.

       Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов