Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 514 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағасын (тарифін) реттеу тәртібі айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Ереже осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес қызметтер көрсететін байланыс операторларына (бұдан әрі - Оператор) қолданылады.
4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) уәкілетті орган - байланыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, байланыс саласында қызметтер көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін мемлекеттік бақылауды, үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын орталық атқарушы орган;
2) оператор – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және ұйымдардың мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру жөніндегі қызметтерді көрсететін заңды немесе жеке тұлға;
3) активтердің реттелетін базасы - Оператордың бухгалтерлік теңгерімінде көрсетілетін және қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын жеке меншіктегі немесе өзге заңды негіздердегі активтердің құны;
4) бөлектеп есепке алу - кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызмет бағыттары мен қызмет түрлері бойынша бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ететін бухгалтерлік және басқару есебін жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындар және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және қорыту жүйесі;
5) "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.05.2016 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қызметтерге бағалар (тарифтер) қалыптастыру тәртібі
5. Оператордың қызметтеріне бағалар (тарифтер) қалыптастыру қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алу (бұдан әрі - бөлектеп есепке алу) негізінде жүзеге асырылады.
Қызметтерге бағалар (тарифтер) уәкілетті орган бекіткен тарифтеу бірлігі мөлшерінде қалыптастырылады.
6. Оператордың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру кезінде мыналар ескеріледі:
1) өзіндік құнға кіретін материалдық шығыстар;
2) еңбек заңнамасына сәйкес персоналға еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар;
3) негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;
4) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге немесе Оператордың қызметтер көрсетуінде қолданысқа енгізілген активтерді сатып алуға жұмсалған шығындар.
Инвестициялық жоба болмаған жағдайда — қызметтерді әлеуетті жеткізушілердің қаржыландыру шарттарын растайтын құжаттардың болуы.
7. Қызметтердің бағаларында (тарифтерінде) Оператордың жұмыс істеуі және дамуы үшін қажетті қаражат қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қызметтерді көрсету кезінде қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына табыс ставкасының шегінде ескеріледі.
8. Оператордың қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) қалыптастыру кезінде мыналар:
1) қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылмайтын негізгі құралдардың амортизациялық аударымдары;
2) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (төгінділері) үшін төлемдер;
3) үмітсіз борыштар; шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыппұлы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;
4) кірісті жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
5) талан-тараждан болған залалдар;
6) өндіріске тартылмаған қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен учаскелерді (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызметтер құнын төлеу және т.б.) ұстауға;
7) кәсіптік-техникалық училищелерді қоспағанда, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдары, оқу орындары объектілерін ұстауға;
8) сауықтыру лагерлерін, мәдени және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстауға;
9) ұйымдардың қызметкерлері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, бақша үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығын жүргізуге алған қарыздарды өтеуге;
10) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорт іс-шараларына (демалыс кештерін, концерттер және басқаларды өткізуге);
11) бақшалық серіктестіктерді (жол құрылысы, энергиямен және сумен жабдықтау, басқа да ұқсас шығыстарды жүзеге асыру) абаттандыруға;
12) демеушілік көмек көрсетуге;
13) ақаудан болған ысырапқа;
14) өндірістің вахталық ұйымдарын қоспағанда, пәтерлер, тұрғын үй ғимараттарын және құрылыстар, жатақхана мен қонақ үйлерден орындар сатып алуға, жалдауға және ұстауға;
15) мерейтойлық күндерге немесе қызметкерлерге көтермелеу түрінде берілген сыйлықтарды сатып алуға;
16) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың және қоймалардағы қорлардың бүлінуі мен жетіспеуіне жұмсалған шығыстар, басқа да өнімсіз шығыстар;
17) қызметтер көрсетуге тікелей қатысы жоқ шығыстар ескерілмейді.
3. Бағаларды (тарифтерді) қарау және қолданысқа енгізу тәртібі
9. Бағалардың (тарифтердің) жоғарлауын келісу немесе қайта енгізілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) келісу үшін Операторлар уәкілетті органға жазбаша түрде хабарлама (өтінім) жібереді.
10. Хабарламаға (өтінімге) мыналар қоса беріледі:
1) бағаның жоғарылауының себептерін растайтын құжаттар (шикізат, материалдар, қызметтер құнының жоғарылауын растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);
2) әрбір қызмет бойынша бағалардың (тарифтердің) жобасы;
3) бухгалтерлік теңгерім;
4) қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп;
5) тұтас алғанда ұйым бойынша және жеке алғанда қызметтердің әрбір түрі бойынша, шығындар баптары бойынша толық жаза отырып, бағалардың (тарифтердің) жобасын есептеу үшін қолданылатын шығыстар мен кірістер туралы жиынтық деректер;
6) қолданылатын шикізат пен материалдар жұмсау нормалары, персонал санының нормативі туралы мәліметтер;
7) инвестициялық бағдарламалар, олар болған жағдайда;
8) ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін шығыстардың жылдық сметасы;
9) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, негізгі құралдар құнының артуына алып келетін шығыстардың жылдық сметасы;
10) негізгі құралдарды пайдалану мерзімдері көрсетілген қызметтерге амортизациялық аударымдардың есептемесі;
11) қажетті есептемелері бар қызметтер бойынша шығындар мен қолданыстағы активтерді бөлектеп есепке алу деректері;
12) өткен екі күнтізбелік жылдағы қызметтерге бағалардың (тарифтердің) салыстырмалы кестесі;
13) есептеу әдісі көрсетілген қызметтерге бағалардың (тарифтердің) есептемесі.
11. Оператор қызметтерге бағаларды (тарифтерді) төмендеткен кезде Оператор жазбаша түрде бес жұмыс күнінің ішінде тиісті шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органды хабардар етеді.
12. Уәкілетті орган хабарламаны (өтінімді) алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және Операторды хабарламаның (өтінімнің) қарауға қабылданғаны туралы немесе хабарламаны (өтінімді) қарауға қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде бас тартудың себептерін келтіре отырып, хабардар етеді.
Оператордың хабарламасын (өтінімін) қарауға қабылдаудан бас тартудың себептері мыналар болып табылады:
1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы;
2) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсыну.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Оператордың хабарламасын (өтінімін) уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртіппен алпыс күн ішінде қарайды. Бағалар (тарифтер) жобаларын қарау мерзімі хабарлама (өтінім) алынған сәттен бастап есептеледі.
14. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтердің бағасын (тарифін) қарау кезінде:
тиісті салалық нормалармен немесе ұқсас қызметтерді көрсететін операторлар қолданатын нормалармен салыстыру арқылы Оператор қолданатын көрсетілетін қызметтердің бір бірлігін ұсынуға шикізат, отын материалдарын, материалдық ресурстар энергиясын жұмсау нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына;
ұқсас қызметтерді көрсететін операторлардың еңбегіне ақы төлеу шығындарымен салыстыру арқылы Оператор персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстарына;
Оператор көрсететін қызметтер бағасының (тарифінің) артуына айтарлықтай әсерін тигізетін басқа да шығыстарға талдау жүргізеді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.15. Хабарламаны (өтінімді) қарау кезінде уәкілетті орган бағаларды (тарифтерді) басқа операторлардың, сондай-ақ ұқсас немесе дәл осындай көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін осы Оператордың өзінің ұқсас көрсетілетін қызметтерінің бағаларымен (тарифтерімен) салыстыра талдауды жүргізеді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.16. Қызметтерге бағаларды (тарифтерді) анықтау кезінде Оператордың шығындары мына жағдайларда есептелмейді:
1) шығындарды бөлудің негізсіз есептемесінсіз және басқа негізсіз материалдарсыз, қызметтерге бағаларды (тарифтерді) анықтайтын, бөлектеп есепке алудың (шығындар сметасының) жиынтық деректері ұсынылғанда;
2) алдыңғы қаржылық кезеңдерімен салыстырғанда белгілі бір шығындардың өсу негізділігін растайтын материалдар мен құжаттар болмағанда.
17. Оператордың қызметтерді ұсынумен байланысты нақты немесе жоспарланатын шығындарын салыстырмалы талдау және түзету негізінде Оператордың қызметтері бағасының (тарифінің) негізділігі анықталады.
18. Оператор көрсететін қызметтер бағасының (тарифінің) негізділігін растау мақсатында уәкілетті орган ақпарат сұратады, ол операторлар тиісті сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейін қарау нәтижелері бойынша оларды келісу немесе олардан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
20. Оператор ұсынатын бағалар (тарифтер) деңгейінің негізділігі болмаған жағдайда уәкілетті орган осы Ережеге сәйкес хабарламаны (өтінімді) қарау мерзімінен кешіктірмей жазбаша түрде бағаларды (тарифтерді) келісуден бас тартудың себептерін көрсете отырып, Операторға бас тарту туралы хабарлайды.
21. Қызметтердің бағалары (тарифтері) келісілген жағдайда уәкілетті орган тиісті қызметтерге бағаларды (тарифтерді) қолданысқа енгізу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде Операторга бұл туралы хабарлайды. Оператордың бағалары (тарифтері) уәкілетті орган белгілеген күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Оператордың қызметтеріне уәкілетті органның келісімінсіз бағаларды (тарифтерді) енгізуге жол берілмейді.
4. Қорытынды ережелер
22. Операторлар, сондай-ақ қызметтерді бірінші рет көрсетушілер, осы Ереже қолданысқа енгізілген күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде қызметтерге бағаларды (тарифтерді) осы Ережеге сәйкес келтіреді және уәкілетті органға келісу үшін осы Ережеге сәйкес хабарлама (өтінім) жібереді.
23. Оператор осы Ережені бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда).
5. "Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің бағасы реттелуге тиіс көрсетілетін қызметтерінің тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2025 № 352 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды пайдалануға беру.
2. Кабельдік кәріздегі арнада кабель-орынды пайдалануға беру.
3. Антенна-діңгекті құрылысжайлардағы және тіреуіштердегі орындарды жалға беру.
4. Жерүсті аналогтік және цифрлық қалааралық және аймақішілік арналарды жалға беру.
5. Жалғастыру желілерін жалға беру.
6. Тікелей сым-өткізгішті жалға беру.
7. Деректер берудің арналық және (немесе) желілік деңгейінде байланыстың жерүсті цифрлық арналарын жалға беру.
8. "KazSat-2", "KazSat-3" ғарыш аппараттарының транспондерлерін және (немесе) транспондерлерінің сыйымдылығын жалға беру.