"Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 мамырдағы № 352 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтеріне бағаларды (тарифтерді) реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 514 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс жолдары мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналарды және алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің бағасын (тарифін) реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалған Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің көрсетілетін қызметтерінің (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) бағасын (тарифін) реттеу тәртібі айқындалады.";

      12-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы;";

      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтердің бағасын (тарифін) қарау кезінде:

      тиісті салалық нормалармен немесе ұқсас қызметтерді көрсететін операторлар қолданатын нормалармен салыстыру арқылы Оператор қолданатын көрсетілетін қызметтердің бір бірлігін ұсынуға шикізат, отын материалдарын, материалдық ресурстар энергиясын жұмсау нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына;

      ұқсас қызметтерді көрсететін операторлардың еңбегіне ақы төлеу шығындарымен салыстыру арқылы Оператор персоналының еңбегіне ақы төлеу шығыстарына;

      Оператор көрсететін қызметтер бағасының (тарифінің) артуына айтарлықтай әсерін тигізетін басқа да шығыстарға талдау жүргізеді.

      15. Хабарламаны (өтінімді) қарау кезінде уәкілетті орган бағаларды (тарифтерді) басқа операторлардың, сондай-ақ ұқсас немесе дәл осындай көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың белгілі бір санаттары үшін осы Оператордың өзінің ұқсас көрсетілетін қызметтерінің бағаларымен (тарифтерімен) салыстыра талдауды жүргізеді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Оператор көрсететін қызметтер бағасының (тарифінің) негізділігін растау мақсатында уәкілетті орган ақпарат сұратады, ол операторлар тиісті сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 352 қаулысына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
уәкілетті мемлекеттік
органдарының, Мемлекеттік
күзет қызметінің (президенттік
байланыс қажеттілігін
қоспағанда), әскери басқару,
ұлттық қауіпсіздік және ішкі
істер органдарының, сондай-ақ
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы операторының
қажеттілігі үшін байланыс
жолдары мен арналарын,
кабельдік кәріздегі арналарды
және техникалық құралдарды
орналастыру үшін қажетті
алаңдарды берудің көрсетілетін
қызметтерінің бағасын (тарифін)
реттеу қағидаларына
1-қосымша

Мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда).

      5. "Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 352 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
уәкілетті мемлекеттік
органдарының, Мемлекеттік
күзет қызметінің (президенттік
байланыс қажеттілігін
қоспағанда), әскери басқару,
ұлттық қауіпсіздік және ішкі
істер органдарының, сондай-ақ
"электрондық үкіметтің"
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымы операторының
қажеттілігі үшін байланыс
жолдары мен арналарын,
кабельдік кәріздегі арналарды
және техникалық құралдарды
орналастыру үшін қажетті
алаңдарды берудің көрсетілетін
қызметтерінің бағасын (тарифін)
реттеу қағидаларына
2-қосымша

Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің (президенттік байланыс қажеттілігін қоспағанда), әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды берудің бағасы реттелуге тиіс көрсетілетін қызметтерінің тізбесі

      1. Техникалық құралдарды орналастыруға қажетті алаңдарды пайдалануға беру.

      2. Кабельдік кәріздегі арнада кабель-орынды пайдалануға беру.

      3. Антенна-діңгекті құрылысжайлардағы және тіреуіштердегі орындарды жалға беру.

      4. Жерүсті аналогтік және цифрлық қалааралық және аймақішілік арналарды жалға беру.

      5. Жалғастыру желілерін жалға беру.

      6. Тікелей сым-өткізгішті жалға беру.

      7. Деректер берудің арналық және (немесе) желілік деңгейінде байланыстың жерүсті цифрлық арналарын жалға беру.

      8. "KazSat-2", "KazSat-3" ғарыш аппараттарының транспондерлерін және (немесе) транспондерлерінің сыйымдылығын жалға беру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады