"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Заңына
, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220
қаулысына
және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 01-7.3 хаттамалық тапсырмасының 1.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Алматы қаласы метрополитенінің бірінші кезегінің құрылысын аяқтауға және іске қосуға Алматы қаласының әкіміне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы даму трансферттері түрінде 14 000 000 000 (он төрт миллиард) теңге бөлінсін.
2.
(Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009.07.02
N 1023
Қаулысымен)
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов