"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 9 сәуірдегі N 01-7.3 хаттамалық тапсырмасының 1.1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне 2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізуге дайындық шеңберінде мына жобаны іске асыруға Алматы қаласының әкіміне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен нысаналы даму трансферттері түрінде 5000000000 (бес миллиард) теңге сомасында қаражат бөлінсін:
шаңғы трамплиндері кешенін салуға - 5000000000 (бес миллиард) теңге.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.28 № 2209 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт, Қаржы министрліктеріне аталған инвестициялық жобаны іске асыруға көзделген нысаналы даму трансферттері түріндегі бюджет қаражатын толық игергеннен кейін және Алматы қаласының әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынған кезде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нысаналы трансферттерді аударуды жүзеге асырсын.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.28 № 2209 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов