Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 133 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркін қойма" кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 16, 193-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркін қойма" кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45-жолдармен толықтырылсын:
"
37. |
Оқ-дәрі контейнерлері |
7326 90 980 0-ден |
28.75.27 |
38. |
Жылжымалы локациялық станциялар |
8705 90 900 0-ден |
34.10.54 |
39. |
Танкілер және басқа қаружарақтарымен немесе қаружарақтарсыз жауынгерлік өзі жүретін брондалған көлік құралдары және оның бөліктері |
8710 00 000 0 |
29.60.11 |
40. |
Ғарыштық мақсаттағы зымырандардың старттық кешендеріне арналған жабдық |
8805 10 100 0-ден |
29.56.25 |
41. |
Өзі жүретін артиллериялық қару |
9301 11 000 0 |
29.60.1 |
42. |
Зымырандық ату қондырғылары және ұқсас ату қондырғылары |
9301 20 000 0 |
29.60.1 |
43. |
Зымырандық ату қондырғыларынан басқа, соғыс қару-жарақтары |
9301 90 000 0-ден |
29.60.1 |
44. |
Басқа да әскери мақсаттарға арналған оқ-дәрілер, зымырандар мен снарядтар және олардың бөліктері |
9306 90 100 0-ден |
29.60.14 |
45. |
Басқа оқ-дәрілер және олардың бөліктері |
9306 90 900 0 |
29.60.14 |
".
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов