Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы N 780 Қаулысы

      "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына және "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Нұра, Атбасар, Атбасар-Приишимск және Рождественский (Жоғарғы Романов учаскесі) кен орындарының жер асты су қорларын қайта бағалауды жүргізуге 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 190000000 (бір жүз тоқсан миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О выделении средств из резерва Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 2009 года № 780

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года "О республиканском бюджете на 2009 - 2011 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 февраля 2009 года № 220 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Выделить Министерству энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан из резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в республиканском бюджете на 2009 год на неотложные затраты, 190000000 (сто девяносто миллионов) тенге на проведение переоценки запасов Нуринского, Атбасарского, Атбасар-Приишимского и Рождественского (Верхне-Романовский участок) месторождений подземных вод.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан осуществить контроль за целевым использованием выделенных средств.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов