"Тауарлар импорты жағдайында ішкі нарықты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті:
1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортына қатысты істі қарауды бастасын;
2) істі қарау рәсімі аяқталғанға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшаға сәйкес тауарлар импортын лицензиялауды жүзеге асырсын;
3) он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін істі қараудың басталғаны туралы хабардар етсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 маусымдағы
N 849 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, оларға қатысты
істі қарау рәсіміне бастама жасалатын тауарлардың
тізбесі
Өнімнің атауы |
ҚР СЭҚ ТН бойынша коды |
консервілеуге арналған өзге шыны банкалар (зарарсыздандыруға арналған банкалар) |
7010901000 |
тауарларды сақтауға, тасымалдауға немесе қаптауға арналған, түссіз шыныдан жасалған, номиналдық сыйымдылығы 0,33 л-ден астам, бірақ 1 л-ден аспайтын өзге де бөтелкелер |
7010904300 |
тез ашитын ашытқылар |
210210 |