Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5547 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 маусымдағы N 894 Қаулысы

      Құқық бұзушылықтардың алдын алу деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қызылорда қаласында орналастыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "5547 әскери бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 004 "Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ішкі әскерлердің қызметтері" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Мекеменің штат санын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері штат санының лимиті шегінде белгіленсін;
      2) Мекеменің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. Қызылорда облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Мекемені орналастыруға арналған ғимараттар мен құрылыстарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне беру жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      "1. Мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 64-1-жолмен толықтырылсын:
      "64-1. 5547 әскери бөлімі.".
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О создании государственного учреждения "Воинская часть 5547" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 894

      В целях повышения уровня профилактики правонарушений и надлежащего обеспечения прав и законных интересов граждан Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать государственное учреждение "Воинская часть 5547" Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - Учреждение) с дислокацией в городе Кызылорде.
      2. Определить, что финансирование Учреждения производится в пределах средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2009 год по бюджетной программе 004 "Услуги Внутренних войск по обеспечению общественной безопасности".
      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) определить штатную численность Учреждения в пределах лимита штатной численности соединений и частей Внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан;
      2) утвердить устав Учреждения и обеспечить его государственную регистрацию в органах юстиции;
      3) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Акиму Кызылординской области в установленном законодательством порядке принять меры по передаче Министерству внутренних дел Республики Казахстан зданий и сооружений для размещения Учреждения.
      5. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2005 года № 607 "Вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2005 г., № 25, ст. 311) следующее дополнение:
      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства внутренних дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      раздел 1. "Государственные учреждения" дополнить строкой, порядковый номер 64-1, следующего содержания:
      "64-1. Воинская часть 5547.".
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов