"Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның халық ақыны Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 911 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның халық ақыны Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Қаржыландыру көздері |
Болжамды шығыстар (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған кітаптар шығару |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жыл бойы |
017 "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
1360,0 |
2. |
Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жыл бойы |
025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
1599,0 |
3. |
Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған оқырмандар конференцияларын, кітап көрмелерін, әдеби-сазды кештер және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу |
Қызылорда облысының әкімі |
2009 жыл бойы |
Талап етілмейді |
|
4. |
"Сырда туған жаңа Гейне мен болам..." атты ақындар айтысын өткізу |
Қызылорда облысының әкімі |
2009 жылғы маусым |
Жергілікті бюджет |
2146,9 |
5. |
"Шабытым жайсын қанатын" атты ақындар конкурсын өткізу |
Қызылорда облысының әкімі |
2009 жылғы маусым |
Жергілікті бюджет |
1882,6 |
6. |
"Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі" атты ғылыми-теориялық конференция өткізу |
Қызылорда облысының әкімі |
2009 жылғы маусым |
Жергілікті бюджет |
890,6 |
7. |
Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған концерт өткізу |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі |
2009 жылғы тамыз |
011 "Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы |
3636,09 |
8. |
Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиын мен Қазақстан өнер шеберлерінің концертін ұйымдастыру |
Алматы қаласының әкімі |
2009 жылғы қазан |
Жергілікті бюджет |
1568,0 |
ЖИЫНЫ: |
Республикалық бюджет |
6595,09 |