Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 911 Қаулысы

      "Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 28 қыркүйектегі N 1465 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстанның халық ақыны Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2009 жылғы 16 маусымдағы
N 911 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстанның халық ақыны Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көздері

Болжамды шығыстар (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

Әбділдә Тәжібаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған кітаптар шығару

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жыл бойы

017 "Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару" республикалық бюджеттік бағдарламасы

1360,0

2.

Әбділдә Тәжібаевтың өмірі мен қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жыл бойы

025 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

1599,0

3.

Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған оқырмандар конференцияларын, кітап көрмелерін, әдеби-сазды кештер және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу

Қызылорда облысының әкімі

2009 жыл бойы

Талап етілмейді


4.

"Сырда туған жаңа Гейне мен болам..." атты ақындар айтысын өткізу

Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы маусым

Жергілікті бюджет

2146,9

5.

"Шабытым жайсын қанатын" атты ақындар конкурсын өткізу

Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы маусым

Жергілікті бюджет

1882,6

6.

"Әбділдә Тәжібаевтың ақындық әлемі" атты ғылыми-теориялық конференция өткізу

Қызылорда облысының әкімі

2009 жылғы маусым

Жергілікті бюджет

890,6

7.

Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған концерт өткізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

2009 жылғы тамыз

011 "Әлеуметтік маңызды және мәдени іс-шараларды өткізу" республикалық бюджеттік бағдарламасы

3636,09

8.

Әбділдә Тәжібаевтың 100 жылдығына арналған салтанатты жиын мен Қазақстан өнер шеберлерінің концертін ұйымдастыру

Алматы қаласының әкімі

2009 жылғы қазан

Жергілікті бюджет

1568,0


ЖИЫНЫ:





Республикалық бюджет
Жергілікті бюджет

6595,09
 
6488,1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады