Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылғы 23 мамырда Минск қаласында қол қойылған Гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі
ынтымақтастық туралы келісім
(2009 жылғы 31 шілдеде күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені,
2009 ж., № 5, 30-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
2004 жылғы 16 сәуірдегі ТМД үкіметтерінің Басшылары кеңесінің Шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының ережелерін назарға ала отырып,
гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау жөніндегі ынтымақтастықты дамыту мақсатында,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ұлттық гидрометеорологиялық қызметтерінің (бұдан әрі - ҰГМҚ) тиімді жұмысының шешуші элементі тиісті түрде даярланған персонал болатындығын сезіне отырып,
ҰГМҚ қаржылық мүмкіндіктерін, білім беру қызметтерін ұсынатын, гидрометеорология саласында кадрлар даярлауды, мамандардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ететін ұйымдарының болуын ескере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар мынадай бағыттар бойынша ынтымақтастыққа ықпал етеді:
гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау;
қазіргі заманғы оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу материалдарымен, оқу жоспарларымен және бағдарламалармен алмасу;
гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау көзінде Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның өңірлік метеорологиялық оқу орталықтары, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гидрометеорологиялық бейіндегі білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың мүмкіндіктерін пайдалану.
2-бап
Әрбір Тарап ұлттық заңнамаға сәйкес басқа Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына гидрометеорология саласында білім алу, біліктілігін арттыру және қайта даярлау мүмкіндігін беруге ықпал етеді.
3-бап
Тараптар гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау саласындағы білім беру қызметтерін ұсынатын Тараптар ұйымдарының арасындағы, сондай-ақ осындай қызметтерді алуға мүдделі ұйымдар арасындағы тікелей байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Білім беру қызметтерін ұсынғаны үшін ақы төлеу тәртібі мен мөлшері мүдделі ұйымдардың екі жақты шарттарының негізінде белгіленеді.
4-бап
Мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлаудың ұлттық жүйесі туралы ақпарат алмасуға ықпал етеді.
Тараптар оқу-әдістемелік материалдар және ғылыми жарияланымдар, ғылыми-практикалық конференциялар, гидрометеорология саласында кадрлар даярлау, мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау саласындағы өзге де іс-шаралар өткізу туралы ақпарат алмасады.
5-бап
Осы Келісімді қолдануға және түсіндіруге байланысты даулы мәселелер мүдделі Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі.
6-бап
Осы Келісім Тараптардың әрқайсысының оның мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
7-бап
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді оған қол қойған Тараптардың орындағаны туралы үшінші хабарлама депозитарийге тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді. Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім депозитарийге тиісті хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
8-бап
Осы Келісім осы Келісімнің ережелерін бөлісетін басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Қосылу барлық Тараптардың келісімі бойынша мұндай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге тапсыру жолымен жүзеге асырылады және мұндай қосылуға келісу туралы соңғы хабарлама депозитарийге тапсырылған күнінен бастап күшіне енді деп есептеледі.
9-бап
Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша жеке хаттамамен ресімделетін, оның ажырамас бөлігі болып табылатын және осы Келісімнің 7-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
10-бап
Осы Келісім ол күшіне енген күнінен бастап бес жыл бойы қолданыста болады. Осы мерзім өткеннен кейін Келісім, егер Тараптар өзге шешім қабылдамаса, автоматты түрде кейінгі бес жылдық мерзімге ұзартылады.
11-бап
Әрбір Тарап осы Келісімнен бұл туралы депозитарийге кезекті бес жылдық кезең өткенге дейін кемінде алты ай бұрын жазбаша хабарлама жіберіп, шығуға құқылы.
2008 жылғы "__"_________ ____________қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Армения Республикасының Ресей Федерациясының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Грузия Үкіметі үшін Түрікменстан Үкіметі үшін
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін