Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 маусымдағы N 930 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 765 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 765 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі кешенін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 115 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      1-тармақта "қоса алғанда," деген сөздерден кейін "әскери-техникалық саясатты іске асыруға және" деген сөздермен толықтырылсын, "мәселелер" деген сөз "қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының өзіндік, сондай-ақ сыртқы саяси, экономикалық және әскери мүдделерін негізге ала отырып, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының әскери-техникалық саясатын іске асыру, ҚӨК-ті дамыту және оны мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде: әскери-техникалық қамтамасыз ету, ҚӨК-ті, ғылым мен технологияны дамыту саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жоспарларды қарау;";
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттік органдар мен ҚӨК ұйымдарының қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде орындалатын мемлекеттік қорғаныс тапсырысын, бағдарламалар мен жоспарларды қалыптастыру жөніндегі іс-қимылдарының келісімді болуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      4) республикалық бюджет бағдарламалары бөлінісінде әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдерді қаржыландыру көлемдері мен олардың номенклатурасы бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы үлгілерін жасауға байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар мен инновациялық жобаларға мемлекеттік тапсырыс берушілердің бюджеттік өтінімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
      5) қорғанысты және бағдарламалардың жобаларын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының негізгі көрсеткіштерін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру көлемдері бойынша ұсыныстар тұжырымдау;
      6) қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы әзірлеуге, сатып алуға, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға жұмсалатын шығыстарды, қорғанысты қамтамасыз ету мүддесінде орындалатын бағдарламаларды қаржыландыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
      7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізудің алдында мемлекеттік қорғаныс тапсырысының жобасы бойынша ұсыныстар тұжырымдау және оның орындалу қорытындыларын қарау;
      8) қорғанысты, құқықтық тәртіпті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасау және шығару, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.";
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Комиссияның:
      1) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің және Сенатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы сотының, Бас прокуратурасының аппараттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
      2) қару-жарақ, әскери және арнайы техника жасауға, өндіруге, жөндеуге, жаңғыртуға және кәдеге жаратуға, осы саладағы бағдарламалар мен жоспарларды орындауға байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ Комиссияның құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың өкілдерін, ҚӨК ұйымдарының басшыларын тыңдауға;
      3) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ҚӨК ұйымдарынан Комиссияға жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      4) қажет болған кезде Комиссияның құзыретіне жататын жекелеген мәселелерді қарау және олар бойынша ұсыныстар дайындау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 17 маусымдағы
N 930 қаулысына      
қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 7 ақпандағы
N 115 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібі кешенінің
мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы

Мәсімов                     - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы             Министрі, төраға

Ахметов                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серік Нығметұлы               Министрінің орынбасары, төрағаның
                              орынбасары

Ыбыраев                     - Қазақстан Республикасы Премьер-
Азамат Болатұлы               Министрінің Кеңсесі Басшысының
                              орынбасары, хатшы

Ахметов                     - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Даниал Кенжетайұлы            министрі

Баймағанбетов               - Қазақстан Республикасының Ішкі
Серік Нұртайұлы               істер министрі

Божко                       - Қазақстан Республикасының Төтенше
Владимир Карпович             жағдайлар министрі

Исекешев                    - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы               және сауда министрі

Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы             және бюджеттік жоспарлау министрі

Түсіпбеков                  - Қазақстан Республикасының Әділет
Рашид Төлеутайұлы             министрі

Нұриманов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Мақсұт Әнуарбекұлы            қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша)

Жылқайдаров                 - Қазақстан Республикасы Республикалық
Нұрлан Базаргелдіұлы          ұланы қолбасшысының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Оразқұлов                   - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қанат Орынтайұлы              Күзет қызметі бастығының орынбасары
                              (келісім бойынша)

Келімбетов                  - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы               акционерлік қоғамының басқарма төрағасы
                              (келісім бойынша)

Ноғаев                      - "Қазақстан инжиниринг" ұлттық
Аюхан Төлеутайұлы             компаниясы" акционерлік қоғамының
                              президенті (келісім бойынша)

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 115

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2009 года № 930. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2016 года № 765

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.12.2016 № 765.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 115 "О дополнительных мерах по совершенствованию системы государственного управления оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:
      1) приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению;
      2) в Положении о Комиссии по вопросам оборонно-промышленного комплекса Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      в пункте 1 слово ", касающимся" заменить словами "обеспечения обороны, касающимся реализации военно-технической политики и";
      подпункт 1) пункта 3 изложить в следующей редакции:
      "1) выработка предложений по реализации военно-технической политики Республики Казахстан, развитию ОПК и совершенствованию системы государственного управления им, в том числе: рассмотрение концепций, программ и планов в области военно-технического обеспечения, развития ОПК, науки и технологий в интересах обеспечения обороны, исходя из собственных, а также внешнеполитических, экономических и военных интересов Республики Казахстан;";
       пункт 4 дополнить подпунктами 3), 4), 5), 6), 7) и 8) следующего содержания:
      "3) выработка предложений по обеспечению согласованности действий государственных органов и организаций ОПК по формированию государственного оборонного заказа, программ и планов, выполняемых в интересах обеспечения обороны;
      4) выработка предложений по проектам бюджетных заявок государственных органов по объемам финансирования и номенклатуре продукции военного и двойного назначения в разрезе программ республиканского бюджета, а также государственных заказчиков научно-исследовательских, опытно-конструкторских и технологических работ и инновационных проектов, связанных с созданием современных образцов вооружения, военной и специальной техники;
      5) выработка предложений по объемам финансирования расходов на обеспечение обороны и проектов программ, основных показателей государственного оборонного заказа;
      6) выработка предложений по финансированию расходов на разработку, закупку, ремонт, модернизацию и утилизацию вооружения, военной и специальной техники, программ, выполняемых в интересах обеспечения обороны;
      7) выработка предложений по проекту государственного оборонного заказа перед внесением в Правительство Республики Казахстан и рассмотрение итогов его выполнения;
      8) выработка предложений по разработке и производству вооружения, военной и специальной техники, а также по научно-исследовательским и опытно-конструкторским работам в интересах обеспечения обороны, правопорядка и национальной безопасности.";
       пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Комиссия имеет право:
      1) взаимодействовать в установленном порядке с Администрацией Президента, аппаратами Мажилиса и Сената Парламента Республики Казахстан, Конституционного Совета, Верховного Суда, Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, центральными и местными исполнительными органами;
      2) заслушивать представителей государственных органов, руководителей организаций ОПК по вопросам, связанным с разработкой, производством, ремонтом, модернизацией и утилизацией вооружения, военной и специальной техники, выполнением программ и планов в этой области, а также по другим вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;
      3) запрашивать у государственных органов, а также организаций ОПК информацию, документы и материалы, необходимые для решения возложенных на Комиссию задач;
      4) создавать при необходимости рабочие группы для рассмотрения и подготовки предложений по отдельным вопросам, относящимся к компетенции Комиссии.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 17 июня 2009 года № 930

      Приложение         
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 7 февраля 2008 года № 115

Состав
Комиссии по вопросам оборонно-промышленного комплекса
Республики Казахстан

Масимов                       - Премьер-Министр Республики
Карим Кажимканович              Казахстан, председатель

Ахметов                       - Заместитель Премьер-Министра
Серик Ныгметулы                 Республики Казахстан, заместитель
                                председателя

Ибраев                        - заместитель Руководителя Канцелярии
Азамат Болатович                Премьер-Министра Республики
                                Казахстан, секретарь

Ахметов                       - Министр обороны Республики
Даниал Кенжетаевич              Казахстан

Баймаганбетов                 - Министр внутренних дел Республики
Серик Нуртаевич                 Казахстан

Божко                         - Министр по чрезвычайным ситуациям
Владимир Карпович               Республики Казахстан

Исекешев                      - Министр индустрии и торговли
Асет Орентаевич                 Республики Казахстан

Султанов                      - Министр экономики и бюджетного
Бахыт Турлыханович              планирования Республики Казахстан

Тусупбеков                    - Министр юстиции Республики
Рашид Толеутаевич               Казахстан

Нуриманов                     - заместитель Председателя Комитета
Максут Ануарбекович             национальной безопасности Республики
                                Казахстан (по согласованию)

Жылкайдаров                   - заместитель Командующего
Нурлан Базаргельдинович         Республиканской гвардией Республики
                                Казахстан (по согласованию)

Оразкулов                     - заместитель начальника Службы охраны
Канат Орынтаевич                Президента Республики Казахстан
                                (по согласованию)

Келимбетов                    - председатель правления акционерного
Кайрат Нематович                общества "Фонд национального
                                благосостояния "Самрук-Казына"
                                (по согласованию)

Ногаев                        - президент акционерного общества
Аюхан Толеутаевич               "Национальная компания "Казахстан
                                инжиниринг" (по согласованию)