Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 3, 36-құжат; 2008 ж., N 38, 405-құжат; 2008 ж., N 43, 481-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. аталған Жарлықпен құрылған Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек
Гүлшара Наушақызы және халықты әлеуметтік қорғау
министрі, төрағаның орынбасары,
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі,
Нүкетаева - Қазақстан Республикасы Парламенті
Динар Жүсіпәліқызы Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму
комитетінің төрайымы (келісім
бойынша);
көрсетілген комиссияның құрамынан Б.М. Сапарбаев, С.Н. Ахметов, Ж.А. Досқалиев шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев