Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 28.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) № 887 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 23-24, 228-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы N 1189 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік
қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердің
тиістілік нормативі
Р/с | Мемлекеттік органның атауы | Лауазымның атауы | Автомобильдер саны | Қозғалтқыштың көлемі, текше см. (автобустардан басқа) | 1 автомобильдің бір айдағы жүруі (км) | |
қызметтік (1 бірлік) | кезекші (оның ішінде автобустар) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | Парламент Палатасының Төрағасы | 1 | 2600 | |||
Премьер-Министр | 1 | 2600 | ||||
Мемлекеттік хатшы | 1 | 2600 | ||||
2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | 2600 | ||
Президенттің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | 2600 | ||||
Президенттің көмекшісі | 1 | 2600 | ||||
Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
Президент Кеңсесінің бастығы | 1 | 2600 | ||||
Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | 2600 | ||||
Президенттің Протокол бастығы | 1 | 2600 | ||||
Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | 2000 | ||||
Астана қаласында | 15 | 2600 | ||||
Алматы қаласында көліктік қызмет көрсету | 5 | 2600 | ||||
Қонақтарға арналған | 25 | *** | ||||
3 | Президенттің Іс басқармасы | Президенттің Іс басқарушысы | 1 | 2600 | ||
Президенттің Іс басқарушысының орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Аппарат, ведомство басшысы | 1 | 2000 | ||||
4 | Парламент | Парламент Палатасы Төрағасының орынбасары | 1 | 2600 | ||
Тұрақты комитет төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Депутаттар | 3-не 1 бірлік | 2600 | ||||
5 | Парламент Аппараты | Парламент Палатасының аппарат басшысы | 1 | 2000 | ||
Парламенттің аппарат басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
Қонақтарға арналған | 4 | *** | ||||
6 | Премьер-Министрдің Кеңсесі | Премьер-Министрдің орынбасары | 1 | 2600 | ||
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | 1 | 2600 | ||||
Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
7 | Конституциялық Кеңес | Төраға | 1 | 2600 | ||
Конституциялық Кеңес мүшелері | 1 | 1 | 2000 | |||
Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы | 1 | 2000 | ||||
8 | Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (оның ішінде Орталық сайлау комиссиясы) | Төраға | 1 | 2600 | ||
Төрағаның орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Есеп комитетінің мүшелері | 1 | 2000 | ||||
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы мен мүшелері | 5-не 2 бірлік | 2600 | ||||
Есеп комитетінің аппарат басшысы | 1 | 2000 | ||||
9 | Жоғарғы Сот | Жоғарғы Соттың Төрағасы | 1 | 2600 | ||
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы | 1 | 2600 | ||||
Жоғарғы Соттың судьялары | 3-не 1 бірлік | 2600 | ||||
Жоғарғы Соттың аппарат басшысы | 1 | 2000 | ||||
Жоғарғы Соттың аппарат басшысының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Жоғарғы Сот жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
10 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | 2600 | ||
Сот алқасының төрағасы | 1 | 2600 | ||||
11 | Аудандық және оларға теңестірілген соттар | Сот төрағасы | 1 | 2600 | ||
12 | Бас прокуратура | Бас прокурор, Бас әскери прокурор | 1 | 2600 | ||
Бас прокурордың, Бас әскери прокурордың орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасы | 1 | 2000 | ||||
Бас прокуратура жанындағы Комитет төрағасының орынбасары | 1 | 2000 | ||||
13 | Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | 2600 | ||
Прокурордың орынбасары | 1 | 2600 | ||||
14 | Аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар | Прокурор | 1 | 2600 | ||
15 | Министрліктер мен агенттіктер | Министр | 1 | 2600 | ||
Агенттік төрағасы | 1 | 2600 | ||||
Министрдің орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Агенттік төрағасының орынбасары | 1 | 2600 | ||||
Жауапты хатшы | 1 | 2600 | ||||
16 | Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері | Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі | 1 | 5000 | ||
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің бірінші орынбасары, орынбасары | 1 | 5000 | ||||
Облыстық мәслихат хатшысы | 1 | 2600 | ||||
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппарат басшысы | 1 | 2600 | ||||
17 | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктері | Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі | 1 | 3900 | ||
Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасары | 1 | 3900 | ||||
Аудандық мәслихат хатшысы | 1 | 2000 | ||||
Аудандағы қала, қаладағы, селодағы, селолық округтегі, кенттегі, ауылдағы аудан әкімі | 1 | 3900 | ||||
18 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | |||||
100-ге дейін | 1 | 3000-нан көп емес | *** | |||
100-ден 200-ге дейін | 2 | 3000-нан көп емес | *** | |||
200-ден 300-ге дейін | 3 | 3000-нан көп емес | *** | |||
300-ден 500-ге дейін | 4* | 3000-нан көп емес | *** | |||
500-ден жоғары мемлекеттік органдардың орталық аппаратына, олардың ведомстволарын қоса алғанда, көлік қызметін көрсету | 5 | 3000-нан көп емес | *** | |||
19 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, қызметкерлерінің саны: | |||||
100-ге дейін | 1 | 3000-нан көп емес | *** | |||
100-ден 200-ге дейін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы** ведомстволарына көлік қызметін көрсету | 2 | 3000-нан көп емес | *** | |||
20 | Арнайы көлігі барларын қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне және олардың аудандардағы (облыстық маңызы бар қалалардағы) ведомстволарына көлік қызметін көрсету | 1 | 3000-нан көп емес | *** | ||
21 | Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету | 1 | 3000-нан көп емес | *** | ||
22 | Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға көлік қызметін көрсету | 1 | 3000-нан көп емес | *** |
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін сыртқы саяси органның ерекшелігін ескере отырып, саны 5 бірлік, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі үшін 7 бірлік қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативі белгіленсін
** бұл норматив мемлекеттік органдардың облыстардағы филиалдарына, Байқоңыр қаласындағы мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне де қолданылады
*** мемлекеттік органдар көлік қызметін көрсететін автомобильдер үшін жүру лимиттерін дербес, бірақ бір айда көліктің 1 бірлігіне 2600 км-ден асырмай белгілейді