"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы
Заңына
, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220
қаулысына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2009 - 2010 жылдардағы жылыту маусымында Арқалық қаласын үздіксіз жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін отындық мазут сатып алуға ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде Қостанай облысының әкімдігіне аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 521 233 000 (бес жүз жиырма бір миллион екі жүз отыз үш мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов