Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.07.24 N 966 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Жаһандық экологиялық қор (Glоbаl Environment Fаcility) жөніндегі ұлттық үйлестірушісі болып Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Сәдуақасұлы Әшімов тағайындалсын.
2. "Қазақстан Республикасының Жаһандық экологиялық қор (Glоbаl Environment Fаcility) жөніндегі Ұлттық үйлестірушісін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 мамырдағы N 433 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов