Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.30 № 298 Қаулысымен.
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі N 730 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде республикалық кеңес (бұдан әрі - Республикалық кеңес) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық кеңес туралы ереже;
2) Республикалық кеңестің құрамы бекітілсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 тамыздағы
N 1211 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және
кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі
республикалық кеңес туралы ереже
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
1. Жалпы ережелер
1. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
2. Кеңес қызметінің мақсаты республикалық деңгейде еңбек ресурстарын дамыту және кадрлар даярлау мен қайта даярлауда әлеуметтік әріптестік жөніндегі жұмысты үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
4. Кеңестің негізгі міндеттері:
1) білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
2) техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлеу;
3) бірыңғай ұлттық біліктілік жүйесін құру;
4) экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қолайлы құқықтық және инвестициялық жағдайлар жасау;
5) кадрларды даярлауға және қайта даярлауға жұмыс берушілердің қатысуын қамтамасыз ету;
6) кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру үшін еңбек нарығының білікті кадрларға сұранысын жоспарлау мен болжау;
7) техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңғырту;
8) кадрлар даярлаудың сапасын жақсарту;
9) техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
10) кадрлар даярлауға, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге, мамандардың біліктілігін бағалауға салалық мемлекеттік органдардың, кәсіптік бірлестіктердің, жұмыс берушілердің қатысуы;
11) білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыру және бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
5. Кеңес өз міндеттеріне сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
2) Кеңестің отырыстарына қатысу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, сараптау және жұмыс топтары мен өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақырады;
3) Кеңестің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
3. Кеңес қызметін жүзеге асыру тәртібі
6. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмыс жоспарын жоспарлайды және бекітеді, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.
Төраға болмаған уақытта оның функцияларын Кеңес төрағасының орынбасары орындайды.
Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
7. Кеңес құрамы Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің, мемлекеттік даму институттары, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар басшыларының, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестер басшыларының қатарынан құралады. Кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық бастамаларда жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
8. Кеңес отырыстары бір тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі және егер оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Кеңес шешімдері оның отырысына қатысқан Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
9. Кеңес мүшелері Кеңестің қызметі, қабылданған шешімдер туралы ақпарат ала алады, сондай-ақ Кеңестің құзыреті шегінде кез келген мәселелерді талқылауға енгізе алады.
10. Кеңес мүшелері отырыста қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқылы. Кеңес шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, мұнда әрбір мүшенің бір дауыс құқығы болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға берген дауыс шешуші болып табылады.
11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады.
12. Кеңестің жұмыс органы:
1) күн тәртібін жасайды;
2) Кеңесте қарау үшін ұсыныстар жинауды жүзеге асырады. Кеңесте қарау үшін ұсыныстарды жұмыс органына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар енгізе алады. Бұл ретте ұсыныстар жеке сипатта болмауға тиіс;
3) Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
4) Кеңес қызметіне тартылған мамандар мен сарапшылардың жұмысын үйлестіреді.
13. Жұмыстарды ұйымдастыруды, Кеңес отырыстарын өткізуге дайындықты, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Кеңес отырысының кейін хаттаманы ресімдеуді Кеңес хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды.
14. Кеңес шешімі кеңес мүшелері мен оның төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
4. Кеңестің қызметін тоқтату
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Кеңестің қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 11 тамыздағы
N 1211 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және
кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі
ұлттық кеңестің құрамы
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.28 № 1124 Қаулысымен.
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары
Ырсалиев - Қазақстан Республикасының Білім және
Серік Әзтайұлы ғылым вице-министрі, хатшы
Әбдіқалықова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Жанар Сейдахметқызы даму және сауда министрі
Жәмішев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Болат Бидахметұлы министрі
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасының Байланыс және
Асқар Қуанышұлы ақпарат министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы ғылым министрі
Күрішбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы министрі
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Әбілғазы Қалиақпарұлы коммуникация министрі
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Мұнай және
Сауат Мұхаметбайұлы газ министрі
Нокин - Қазақстан Республикасының Құрылыс және
Серік Кеңесұлы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
агенттігінің төрағасы
Амантаева - "Қазақстан Республикасы Білім және
Майра Тұрғанқызы ғылым қызметкерлері кәсіподақтарының
одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің
төрайымы (келісім бойынша)
Есекеев - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының
Қуанышбек Бақытбекұлы Басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Ыдырысов - «Қазақстан инжиниринг» ұлттық
Ерлан Сапарғалиұлы компаниясы» акционерлік қоғамының
басқарушы директоры (келісім бойынша)
Ізбасханов - «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамының
Қылышбек Сатылғанұлы басқарушы директоры (келісім бойынша),
Исанова - Шетелдік инвесторлар кеңесінің
Мергүл Бақтығалиқызы Қазақстандық қауымдастығының директоры
(келісім бойынша)
Келімбетов - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамының Басқарма
төрағасы (келісім бойынша)
Қуандықова - «ЕNRC Каzаkhstan» жауапкершілігі
Майра Алдажарқызы шектеулі серіктестігінің корпоративті
коммуникациялар жөніндегі басқарушы
директоры (келісім бойынша),
Мамин - «Қазақстан темір жолы» ұлттық
Асқар Ұзақбайұлы компаниясы» акционерлік қоғамының
Басқарма төрағасы (келісім бойынша),
Мамытбеков - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
Асылжан Сарыбайұлы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы
(келісім бойынша),
Палымбетов - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы»
Болат Әбілқасымұлы акционерлік қоғамының басқарушы
директоры - Басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Перуашев - "Атамекен" одағы" Қазақстанның ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
бірлестігінің төрағасы (келісім
бойынша)
Радостовец - «Республикалық кен өндіру және кен-
Николай Владимирович металлургиялық кәсіпорындары
қауымдастығы» заңды тұлғалар
бірлестігінің атқарушы директоры
(келісім бойынша),
Сәрсенов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Әділбек Ғазизұлы холдингі» акционерлік қоғамының
Басқарма төрағасы (келісім бойынша),
Сәрсенов - «КаzЕnеrgy» Қазақстан мұнай-газ және
Жанболат Жәкейұлы энергетика кешені ұйымдары
қауымдастығының Бас директоры (келісім
бойынша).
Худова - Қазақстан Республикасы жеңіл өнеркәсіп
Любовь Николаевна кәсіпорындары қауымдастығының Басқарма
төрайымы (келісім бойынша)
Шайкенова - Қазақстандық туристік қауымдастығының
Рашида Рашидқызы директоры (келісім бойынша)
Шалабеков - Теңіз көлігі кәсіпкерлері
Бауыржан Лазарұлы қауымдастығының атқарушы директоры
(келісім бойынша)