"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 396-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2008 жылғы 8 маусымда "Каzsat" ғарыш аппаратын басқару жүйесінде болған штаттан тыс ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Kazsat" акционерлік қоғамына тиесілі жерүсті басқару кешені және "Каzsat" ғарыш аппаратымен байланыс мониторингі жүйесі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап "Каzsat-2" ғарыш аппаратын пайдалануға бергенге дейін консервацияда тұр деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов