Жерүсті басқару кешенін және "Каzsat" ғарыш аппаратымен байланыс мониторингі жүйесін консервациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 1212 Қаулысы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 396-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2008 жылғы 8 маусымда "Каzsat" ғарыш аппаратын басқару жүйесінде болған штаттан тыс ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Kazsat" акционерлік қоғамына тиесілі жерүсті басқару кешені және "Каzsat" ғарыш аппаратымен байланыс мониторингі жүйесі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап "Каzsat-2" ғарыш аппаратын пайдалануға бергенге дейін консервацияда тұр деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады