Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130 және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі", "Орман шаруашылығының Пихта мемлекеттік мекемесі" және "Орман шаруашылығының Риддер мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі - мекемелер) алаңы 1,79 гектар жер учаскелері орман қоры жерінен өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін электр беру желілерін салу үшін "Қазмырыш" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қоғам) беруді қамтамасыз етсін.
3. Қоғам Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекемелердің теңгеріміне бере отырып, алаңдарды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 1278 қаулысына
қосымша
Орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс,
қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер
санатына ауыстырылатын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
"Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі", "Орман
шаруашылығының Пихта мемлекеттік мекемесі" және "Орман
шаруашылығының Риддер мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік
мекемелері жерінің экспликациясы
Р/с |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
Оның ішінде: |
||||
орман көмкерген |
егіс тік |
жайылым |
шабындық |
өзге жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Орман шаруашылығының Өскемен мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі |
1,0 |
0,60601 |
0,01214 |
0,21747 |
0,015 |
0,15356 |
2 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Орман шаруашылығының Пихта мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі |
0,77 |
0,5582 |
0,18712 |
0,00893 |
0,01214 |
|
3 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Орман шаруашылығының Риддер мемлекеттік мекемесі" мемлекеттік мекемесі |
0,02 |
0,01821 |
||||
Жиыны: |
1,79 |
1,18242 |
0,01214 |
0,40459 |
0,02393 |
0,1657 |