Иран Ислам Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісін жобалаудағы және салудағы ынтымақтастық туралы келісімнің (2007 жылғы 3 желтоқсан, Ашгабад) 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет — Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) темір жол желісінің қазақстандық бөлігін жобалауға және салуға (бұдан әрі - жоба) қатысушы ұйым болып "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы белгіленсін.
2. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына жобаны заңнамаға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Маңғыстау облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен жобаны салу және пайдалану үшін жер учаскелеріне уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов