Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 шілдедегі N 852 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1) және 2) тармақшаларындағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы" деген сөздер "мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынуы (ұсынымы) бойынша немесе онымен келісім бойынша қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдары лауазымдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына жаңа редакцияда жазылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де лауазымды адамдарды қызметке келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ереже";
1-тармақтың бірінші абзацындағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де басшы" деген сөздер "мемлекеттік саяси қызметшілер мен өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "Кадр саясаты бөліміне" деген сөздер "Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ішкі істер, әділет, төтенше жағдайлар министрліктерінің және Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің органдары бойынша" деген тараудың тақырыбы және 5-тармақ алып тасталсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Үкіметтің лауазымды адамдарды тағайындау және босату жөніндегі тиісті қаулыларының немесе оларды келісу жөніндегі қарарлардың жобаларын дайындауды, әдетте, Премьер-Министр Кеңсесінің Мемлекеттік қызмет және кадр жұмысы бөлімі жүзеге асырады.
Мемлекеттік және өзге де лауазымға тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
кадрлар есебі жөніндегі жеке парақ;
өмірбаян;
білімі, берілген ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы дипломдардың көшірмелері;
өмірбаяндық ақиқат анықтама;
мөлшері 4x6 см 4 фотосурет;
кандидаттың лауазымға орналасуы үшін арнайы тексеруден өткені туралы анықтама;
мемлекеттік қызметшінің мүлкін сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (қажет болған кезде).
Мемлекеттік саяси қызметші орнынан түскен немесе ол өз еркімен қызметтен босаған жағдайда материалдарға мемлекеттік қызметшінің тиісті өтініші қоса беріледі.";
4) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1348 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен
келісім бойынша тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер
мен өзге де лауазымды тұлғалар лауазымдарының тізбесі
Лауазымы | Кім тағайындайды | Кім ұсынады | Кіммен келісіледі (ұсыным берген) |
1 | 2 | 3 | 4 |
Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Үкімет | Премьер-Министр | |
Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары | Президент | Әкімшілік басшысы | Премьер-Министрмен |
Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер, Әділет министрлерінің орынбасарларынан басқа, министрлердің орынбасарлары (вице-министрлер) | Үкімет | министрлер | Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктердің төрағалары | Үкімет | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
Орталық атқарушы органдар болып табылатын агенттіктер төрағаларының орынбасарлары | Үкімет | агенттіктердің төрағалары | |
Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасарлары | Премьер-Министр | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | |
Премьер-Министр Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары | Премьер-Министр | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | |
Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары, бас инспекторлар, Премьер-Министрдің кеңесшілері мен көмекшілері | Премьер-Министр | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | |
Премьер-Министрдің штаттан тыс кеңесшілері | Премьер-Министр | Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы | |
Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, министрліктер комитеттерінің төрағалары | министрлер | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен | |
Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет, Төтенше жағдайларды және өнеркәсіп қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитеттері төрағаларының орынбасарлары | Министр | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен | |
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Салық, Кедендік бақылау комитеттері төрағаларының орынбасарлары | Министр | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен, жауапты хатшымен | |
Ішкі істер, Қорғаныс, Сыртқы істер және Әділет министрліктерін қоспағанда, орталық атқарушы органдар комитеттері төрағаларының орынбасарлары | Министр | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен | |
ЕурАзЭқ бас хатшысының орынбасары | Үкімет | ЕурАзЭқ мемлекетаралық кеңесі | |
Ядролық зерттеулер біріккен институтына мүше-мемлекеттердің өкілетті өкілдер комитетіндегі (Дубна қаласы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі | Үкімет | Энергетика және минералдық ресурстар министрі | |
Астана және Алматы қалаларының, облыстардың ішкі саясат басқармаларының бастықтары | Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен | |
Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары* | Президент | министрлер | Премьер-Министрмен, Әкімшілік Басшысымен |
"Cамұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның басқарма төрағасы* | Президент | Премьер-Министрмен | |
"Параcат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ-ның, "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ-ның, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-ның, "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" АҚ-ның, "Ұлттық медицина холдингі" АҚ-ның басқарма төрағалары* | тиісті холдингтердің директорлар кеңестері | Премьер-Министр | Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на кіретін ұлттық даму институттарының және ұлттық компанияларының басқарма төрағалары* | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқармасы | Премьер-Министр | Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
"Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ-на, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ-на, "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингі" АҚ-на кіретін ұлттық компанияларының басқарма төрағалары* | директорлар кеңестері | Премьер-Министр | Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
Холдингтердің құрамына кірмейтін ұлттық компаниялардың басқарма төрағалары* | директорлар кеңестері | Премьер-Министр | Президентпен немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысымен |
"Ұлттық инновациялық қоры" АҚ-ның, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-ның, "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы АҚ-ның, "Каспий" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы", "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Батыс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы", "Жетісу" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" басқарма төрағалары | директорлар кеңестері | Индустрия және сауда министрі | Премьер-Министрмен немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысымен |
* - Бірінші басшылары Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) бойынша немесе оның келісімі бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының осы қаулымен бекітілген тізіміне сәйкес осы кадрлар "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы N 828 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсырмасы (бойынша оның Әкімшілігі Басшысының міндетті түрде келісімінен өтеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі N 1348 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 784 қаулысымен бекітілген |
Премьер-Министрдің ұсынысы (ұсынымы) немесе оның келісімі
бойынша бірінші басшылары қызметке тағайындалатын немесе
қызметтен босатылатын ұлттық холдингтердің, компаниялардың,
даму институттарының, мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізімі
1. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ |
2. | "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ |
3. | "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы АҚ |
4. | "Қазақтелеком" АҚ |
5. | "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ |
6. | "Стрессті активтер қоры" АҚ |
7. | "Қазақстан даму банкі" АҚ |
8. | "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ |
9. | "Қазпочта" АҚ |
10. | "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ |
11. | "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ |
12. | "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен рудасы компаниясы" АҚ |
13. | "КЕGОС" АҚ |
14. | "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ |
15. | "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ |
16. | "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ |
17. | "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" АҚ |
18. | "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ |
19. | "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" АҚ |
20. | "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ |
21. | "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ |
22. | "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ |
23. | "Ұлттық медициналық холдингі" АҚ |
24. | "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ |
25. | Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті |
26. | Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
27. | Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті |
28. | Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті |
29. | Қазақ ұлттық аграрлық университеті |
30. | Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы |
31. | Қазақ ұлттық музыка академиясы |
32. | Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы |
33. | С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚ - акционерлік қоғам
ҰК - ұлттық компания