Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1195 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулыға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 18.04.2024 № 297 қбп қаулысымен.

      Кадр мәселелерiн шешу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын саяси мемлекеттік қызметшілер, лауазымды және өзге де адамдар лауазымдарының тізбесі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін, лауазымды және өзге де адамдарын лауазымға келісу, тағайындау және лауазымнан босату тәртібі туралы қағидалар ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен);

      3) бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуымен немесе онымен келісу бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша лауазымға тағайындалатын немесе лауазымнан босатылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың, даму институттарының, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және өзге де ұйымдардың тізімі ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен) бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1195 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 437 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi – аумақтық органдарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1369 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы.

      4. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 қыркүйектегі № 928 қаулысы.

      5. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары – мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 қаулысының 2-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шілдедегi № 784 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 439 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 44 қаулысы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi № 784 қаулыcына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 38 қаулыcы.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 740 қаулысы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 және 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1298 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1348 қаулысы.

      12. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамын және "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысының 2-тармағының 2) тармақшасы.

      13. "Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе онымен келісім бойынша тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тетігін жетілдірудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 153 қаулысы.

      14. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамын және "Kazsatnet" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      15. "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 112 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      17. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.

      18. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 622 қаулысының 1-тармағы.

      19. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 сәуірдегі № 154 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      20. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 213 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы.

      21. "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 сәуірдегі № 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      22. "Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жекелеген ведомстволық бағынысты ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 226 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      23. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      24. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы деп қайта атау және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 955 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      25. "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 979 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      26. "Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      27. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамдарын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 952 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы.

      28. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      29. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келісу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 және "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін және оларды лауазымға тағайындау, лауазымынан босату және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы № 336 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 656 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      30. "Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келiсу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерiн шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 желтоқсандағы № 865 қаулысы.

      31. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 540 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      32. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 149 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      33. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 236 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.

      34. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тағайындайтын, онымен келісу бойынша немесе оның ұсынуымен тағайындалатын лауазымды адамдар бойынша кадр мәселелерін шешу тәртібі туралы" 2002 жылғы 16 шілдедегі № 784 және "Жекешелендірудің 2021 – 2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1123 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады