Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 48 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамының 61,538 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов