"Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 1435 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 48 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.01.31 № 48 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамының 61,538 % мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын төлеуге берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады