"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы әкімінің Астана қаласы, Есіл ауданы, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы мекен-жайында орналасқан Үлкен су бұрқақты және Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан гүлзарды (бұдан әрі - объектілер) Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының теңгерімінен республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша) және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектілерді қабылдау-беру бойынша қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов