Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 48 қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.07.2020 № 439 қаулысымен (03.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:
1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу;
2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
3) шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасу;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін ақшалай қаражат түрінде бағытталған гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.07.2020 № 439 қаулысымен (03.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |