Бірыңғай дистрибьютор туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы N 1781 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 48 қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.07.2020 № 439 қаулысымен (03.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу;

      2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      3) шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасу;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін ақшалай қаражат түрінде бағытталған гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.07.2020 № 439 қаулысымен (03.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады