"2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңына, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Семей қаласының белгіленген қуаты 100 Гкал/сағ. және одан жоғары жылу-энергия орталығы мен қазандықтары үшін 2009 жылға арналған жылыту маусымына отынның нормативтік айлық қорын сатып алуға Шығыс Қазақстан облысының әкіміне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде аудару үшін 2009 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 219900000 (екі жүз он тоғыз миллион тоғыз жүз мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов