Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 785 қаулысына мынандай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесінде:
"3. "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттар" деген бөлімде:
мына:
"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің атқарушы директоры"
"Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы" деген жолдар алынып тасталсын;
мына:
"Барлау" қызметінің директоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры";
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов