Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 785 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 2079 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 тамыздағы N 785 қаулысына мынандай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасының Президенті", "Жоғары үкіметтік" және "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттарды жіберуге құқығы бар тұлғалардың тізбесінде:
      "3. "Үкіметтік" санатындағы жеделхаттар" деген бөлімде:
      мына:
      "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің атқарушы директоры"
      "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының төрағасы" деген жолдар алынып тасталсын;
      мына:
      "Барлау" қызметінің директоры" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметінің директоры";
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Бас хатшысы.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады