Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:
397-тармақта:
бірінші бөлікте "қадағалау комиссиясының" деген сөздер "байқау миссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
"қадағалау комиссиясының" деген сөздер "байқау миссияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "жатады" деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының сайлауды байқау жөніндегі миссиялар жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынатын шот-фактуралары бойынша шығыстарға:
әуежайдан қонақ үйге/қонақ үйден әуежайға трансферге;
қала ішінде жол жүрулерге (байқаушыларды кездесу өтетін жерге/кері тасымалдау);
ел ішіндегі сапарларға (байқаушы орналасқан жерге/жерден);
байланысқа арналған шығыстарға (СИМ-карталар/ұялы телефондарды пайдалану);
брифингке арналған шығыстарға (брифингтер, дебрифингтер өткізу, брифингке материалдар дайындау, кофе-брейктер) ақы төлеу жатады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов