Қабырға өзені арқылы өтетін көпірге кіреберістерді республикалық меншіктен (Қостанай облысы Амангелді ауданының жергілікті маңызы бар ТР-10 «Үрпек-Қабырға» автомобиль жолының 44-ші километрі) Қостанай облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы N 2154 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі республикалық меншіктен Қабырға өзені арқылы өтетін көпірге кіреберістер (Қостанай облысы Амангелді ауданының жергілікті маңызы бар ТР-10 «Үрпек-Қабырға» автомобиль жолының 44-ші километрі) заңнамада белгіленген тәртіппен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов.

О передаче из республиканской собственности подходов к мосту через реку Кабырга (на 44 километре автомобильной дороги местного значения ТР-10 "Урпек-Кабырга" Амангельдинского района Костанайской области) в коммунальную собственность Костанайской области

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2009 года № 2154

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 января 2003 года № 81 "Об утверждении Правил передачи государственного имущества из одного вида государственной собственности в другой" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Передать в установленном законодательством порядке из республиканской собственности с баланса республиканского государственного предприятия "Казахавтодор" Комитета автомобильных дорог Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан подходов к мосту через реку Кабырга (на 44 километре автомобильной дороги местного значения ТР-10 "Урпек-Кабырга" Амангельдинского района Костанайской области) в коммунальную собственность Костанайской области.
      2. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан и акиматом Костанайской области в установленном законодательством порядке осуществить необходимые организационные мероприятия по приему-передаче имущества, указанного в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов