«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті «Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміндегі республикалық меншіктен Қабырға өзені арқылы өтетін көпірге кіреберістер (Қостанай облысы Амангелді ауданының жергілікті маңызы бар ТР-10 «Үрпек-Қабырға» автомобиль жолының 44-ші километрі) заңнамада белгіленген тәртіппен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов.