Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2010 жылғы қаңтардағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Демалыс күні 2010 жылғы 10 қаңтар жексенбіден 2010 жылғы 8 қаңтар жұмаға ауыстырылсын.
2. Қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша 2010 жылғы 8 қаңтарда жұмыс жүргізуге құқық берілсін.
Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов