Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген техникалық регламенттерді әзірлеуші мемлекеттік органдар Жоспарда айқындалған айдың 25-күнінен кешіктірмей техникалық регламенттерді Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "2007 - 2009 жылдарға арналған техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 1194 қаулысы;
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы № 361 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 960 қаулысы.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2243 қаулысымен бекітілген |
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар
Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.09.13 N 932 (2011.03.28 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.17 N 1202 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Р/с | Техникалық регламент атауы | Мемлекеттік әзірлеуші орган | Ұсыну мерзімі | |
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган | Қазақстан Республика сының Үкіметі | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Бензин, дизель отыны және мазут қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2009 жылғы желтоқсан | 2010 жылғы қаңтар |
2. | Жанғыш, уытты, сұйылтылған газ құбыржолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ТЖМ (жинақтау), ЭМРМ | 2009 жылғы желтоқсан | 2010 жылғы қаңтар |
3. | Лифттердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ТЖМ (жинақтау), ИСМ | 2009 жылғы желтоқсан | 2010 жылғы қаңтар |
4. | Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ, Қоршаған- ортамині, ИСМ | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
5. | Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Өсімдік шаруашылығы өнімі | АШМ (жинақтау), ИСМ, ТЖМ | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
6. | Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге арналған жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мал шаруашылығы өнімі | АШМ (жинақтау), ИСМ | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
7. | Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздіктің жалпы талаптары, телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар | ҰҚК (келісім бойынша) | 2010 жылғы қаңтар | 2010 жылғы наурыз |
8. | Ядролық және радиациялық қауіпсіздік | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
9. | Атом станцияларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
10. | Ядролық зерттеу қондырғыларының ядролық және радиациялық қауіпсіздігі | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
11. | Мұнай-газ кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық барлау және геофизикалық жабдықтар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
12. | Автомобиль көлік құралдарына арналған майлар мен арнайы сұйықтықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ (жинақтау), ККМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
13. | Бензиндерге арналған телімдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
14. | Көмір және оны өндірудің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың өндірістік үдерістерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ (жинақтау), ТЖМ, Қоршағанортамині, ДСМ, ККМ | 2010 жылғы ақпан | 2010 жылғы сәуір |
15. | Электромагниттік сыйымдылық | АБА | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
16. | Қозғалыс дабылының, бөгеуінің, байланысының және оны ақпараттандырудың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
17. | Темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ (жинақтау), АБА | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
18. | Темір жол көлігінің және оған байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2010 жылғы наурыз | 2010 жылғы мамыр |
19. | Дәрілік құралдар қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
20. | Қанның және гемотрансфузиондық терапияда пайдаланылатын оның компоненттерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
21. | Мүгедектерді сауықтырудың техникалық құралдарына қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
22. | Медициналық техниканың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы маусым |
23. | Имплантанттардың биологиялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы сәуір | 2010 жылғы шілде |
24. | Балалар мен жасөспірімдерге арналған тамақ өнімінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ (жинақтау), АШМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
25. | Гендік түрлендірілген (трансгендік) өсімдіктер мен жануарлардан алынған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ (жинақтау), АШМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
26. | Темекінің және темекі бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
27. | Консервілер, пресервілер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы шілде |
28. | Алкоголь өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ДСМ (жинақтау), АШМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы тамыз |
29. | Электролиз әдісімен алюминий өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар | Қоршағанортамині (жинақтау), ИСМ | 2010 жылғы мамыр | 2010 жылғы тамыз |
30. | Уытты және уыттылығы жоғары заттардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ИСМ (жинақтау), Қоршағанортамині | 2010 жылғы маусым | 2010 жылғы қыркүйек |
31. | Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ | 2010 жылғы маусым | 2010 жылғы қыркүйек |
32. | Бал және омарта шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ (жинақтау), ДСМ | 2010 жылғы маусым | 2010 жылғы қыркүйек |
33. | Биоэтанолдың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ | 2010 жылғы тамыз | 2010 жылғы желтоқсан |
34. | Биодизельдің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | АШМ | 2010 жылғы тамыз | 2010 жылғы желтоқсан |
35. | Сәйкестікті растау саласындағы модульдік тәсіл | ИСМ | 2010 жылғы тамыз | 2010 жылғы желтоқсан |
35-1 | Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ҚТКШІА | 2010 жылғы қазан | 2010 жылғы қараша |
36. | Темір жол станцияларын, вокзалдарды және басқа да инженерлік құрылыстардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы наурыз | 2011 жылғы маусым |
37. | Теңіз қалқыма бұрғылау қондырғылары мен оларға орнатылған қондырғылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы наурыз | 2011 жылғы маусым |
38. | Теңіз және өзен порттары мен оларға байланысты инфрақұрылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы сәуір | 2011 жылғы шілде |
39. | Ішкі су жолы кемелерінің және өзен-теңіз жолы кемелерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы сәуір | 2011 жылғы шілде |
40. | Теңіз кемелері мен оларға орнатылған жабдықтардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы мамыр | 2011 жылғы тамыз |
41. | Авиациялық техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ККМ | 2011 жылғы мамыр | 2011 жылғы тамыз |
42. | Магистралды мұнай құбырлары қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2011 жылғы маусым | 2011 жылғы қыркүйек |
43. | Су астындағы құбырлар мен кәбілдер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар | ЭМРМ | 2011 жылғы маусым | 2011 жылғы қыркүйек |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ККМ - Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі
АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
байланыс агенттігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
комитеті