Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 16, 151-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
бірінші абзацтағы «523,2» деген цифрлар «545,2» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы кесте және ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың және концессионерлердің қаражаты |
ЖИЫНЫ |
|
2006 |
62,5* |
6,9 |
- |
69,4 |
2007 |
79,3 |
7,7 |
- |
87,0 |
2008 |
100,9 |
4,1 |
0,01 |
105,01 |
2009 |
140,2* |
6,2 |
1,8 |
148,2 |
2010 |
98,0* |
2,7 |
0,54 |
101,2 |
Жиыны |
510,6** |
32,3** |
2,35 |
545,2** |
* Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2006 - 2007 жж. кредит қаражаты - 5,07 млрд. теңге), Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2008 - 2010 жж. кредит қаражаты - 25,0 млрд. теңге) шеңберінде қала бюджеті тұрғын үй құрылысына алатын кредиттерді есепке алмағанда;
** Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жылдар бойынша қаржыландыруға 34,4 млрд. теңге сомасында 2006 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылануы қосылды, оның ішінде: республикалық бюджет - 29,7 млрд. теңге; жергілікті бюджет - 4,7 млрд. теңге.»;
«Күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
бесінші абзац алынып тасталсын;
алтыншы абзацтағы «2,8», «3,6», «1,3» деген цифрлар тиісінше «2,2», «2,2», «2,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы абзацтағы «71,8» деген цифрлар «74,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 3-бөлімде:
«Әлеуметтік саланы дамыту» деген 3.1-кіші бөлімде:
«Білім беру» деген 3.1.4-тарау мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.»;
«Индустриялық-инновациялық саясат және энергетикалық кешенді дамыту» деген 3.2-кіші бөлімде:
«Өнеркәсіп» деген 3.2.1-тараудың екінші бөлігінде:
бесінші абзац «құру» деген сөзден кейін «мен дамыту» деген сөздермен толықтырылсын;
«Кәсіпкерлікті дамыту» деген 3.2.2-тараудың екінші бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«шағын өнеркәсіп кәсіпорындарын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамыту.»;
«Электр энергетикасы» деген 3.2.3-тараудың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің негізінде ірі электр энергетикасы объектілерін салу мәселесін пысықтау;
электр энергиясының шығындарын барынша азайту мақсатында ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу.»;
«Жылумен жабдықтау» деген 3.2.4-тараудың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жылу энергиясының шығындарын барынша азайту мақсатында ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу.»;
«Инвестициялық ахуалды жақсарту» деген 3.8-кіші бөлімде:
үшінші бөлікте:
үшінші абзацта «ЖИФ-қа кіретін» деген сөздерден кейін «Шығыс» ШС-на» деген сөздермен, «үшінші тармағын салу» деген сөздерден кейін «және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 жаңа ШС салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу» деген сөздермен толықтырылсын;
«қаланың сол жақ жағалауында іске қосылатын жылу магистралінің құрылысының төртінші тармағын салу;», «теннис кортының аумағында инженерлік желілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 - 2010 жылдары жылу электр энергетикасы саласындағы қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 91,5 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 41,6 млрд. теңге; II кезең - 49,9 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 89,5 млрд. теңге (I кезең - 40,2 млрд. теңге, ІІ кезең - 49,3 млрд. теңге) және жергілікті бюджеттен - 2,0 млрд. теңге (I кезең - 1,4 млрд. теңге; ІІ кезең - 0,6 млрд. теңге).»;
төртінші бөлікте:
төртінші абзацтағы «128,9», «80,5», «128,8», «80,5» деген цифрлар тиісінше «101,8», «53,4», «101,7», «53,4» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
үшінші абзацтағы «21», «2», «2», «9» деген цифрлар тиісінше «10», «3», «1», «6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«8 жер асты өткелдерін» деген сөздер алып тасталсын;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 - 2010 жылдар кезеңінде қаланың көлік жүйесін дамытуға қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 96,4 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 56,2 млрд. теңге; ІІ кезең - 40,2 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 88,0 млрд. теңге (I кезең - 51,2 млрд. теңге, ІІ кезең - 36,8 млрд. теңге) және жергілікті бюджеттен - 7,9 млрд. теңге (I кезең - 5,0 млрд. теңге; II кезең - 2,9 млрд. теңге), концессионерлердің қаражаты есебінен - 0,5 млрд. теңге (ІІ кезең).»;
алтыншы бөлікте:
бірінші абзацтағы «600 орынға арналған 1 мектепке жапсарлас құрылыс» деген сөздер алып тасталсын;
«8» деген цифр «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «5» деген цифр «13» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен 300 орынға арналған кәсіптік лицейдің құрылысын жалғастыру»;
үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаланың білім беру жүйесіне салынатын инвестициялар көлемі 2006 - 2010 жылдары 27,0 млрд. теңгені құрайды (І кезең - 11,4 млрд. теңге; ІІ кезең - 15,6 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 18,9 млрд. теңге (I кезең - 6,8 млрд. теңге, ІІ кезең - 12,1 млрд. теңге) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6,3 млрд. теңге (I кезең - 4,6 млрд. теңге; II кезең - 1,7 млрд. теңге), кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен - 1,77 (ІІ кезең).
Республикалық бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау саласында 2006 - 2010 жылдары: қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын; 250 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар, жаңа туған нәрестелерді екінші кезеңде күтіп-бағу бөлімшесі бар 150 төсек-орындық перзентхананы; қан орталығын; 250 төсек-орындық балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын; әр ауысымда 250 адам қабылдайтын консультативтік-диагностикалық емханасы бар 350 төсек-орындық көп бейінді қалалық балалар ауруханасын; әрқайсысының қуаты 500 адам қабылдайтын екі амбулаториялық-емханалық кешен (бір ауысымда 350 адам қабылдайтын үлкендерге арналған, 150 адам қабылдайтын балаларға арналған), 360 төсек-орындық көп бейінді стационарды салу; Астана қаласында № 12 көше мен Абылай хан даңғылының қиылысы ауданында 500 орынға арналған көп бейінді стационар салу; Астана қаласында бір ауысымда 380 адам қабылдайтын емханасы бар 270 орынға арналған қалалық онкологиялық диспансер салу жүзеге асырылатын болады.»;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 - 2010 жылдары қаланың денсаулық сақтау саласын дамытуға инвестициялар көлемі 35,9 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 6,6 млрд. теңге; II кезең - 29,3 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 33,8 млрд. теңге (I кезең - 4,7 млрд. теңге, ІІ кезең - 29,1 млрд. теңге) және жергілікті бюджет есебінен 2,1 млрд. теңге (I кезең - 1,9 млрд. теңге, ІІ кезең - 0,2 млрд. теңге).»;
жетінші абзац «Сырғанақ тебетін мұз айдынын жапсарлас сала отырып, «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңарту; Астана қаласында теннис кешенін салу; № 10, 16, 20, 22, 24, 30, 36, 41 жалпы білім беру мектептеріне спорт алаңдарын салу» деген сөздермен толықтырылсын;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 - 2010 жылдары спортты дамытуға инвестициялар көлемі 30,7 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 16,0 млрд. теңге; ІІ кезең - 14,7 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 30,3 млрд. теңге (I кезең - 16,0 млрд. теңге; II кезең - 14,3 млрд. теңге) және жергілікті бюджеттен - 0,4 млрд. теңге (ІІ кезең).»;
тоғызыншы абзацта:
«Салт-дәстүрлер сарайының жаңа ғимараты мен» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын: «Астана қаласындағы Конгресс-холл, Астана қаласындағы «Шабыт» шығармашылық сарайы, Астана қаласындағы Бас алаңда монумент, флагшток»;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 - 2010 жылдарда мәдениетті дамытуға инвестициялардың көлемі 33,0 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 15,6 млрд. теңге; II кезең - 17,4 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 31,7 млрд. теңге (I кезең - 14,6 млрд. теңге; ІІ кезең - 17,1 млрд. теңге) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 1,3 млрд. теңге (I кезең - 1,0 млрд. теңге; ІІ кезең - 0,3 млрд. теңге).»;
жетінші бөлікте:
екінші абзацта «19,4», «13,9», «17,7», «1,7» деген цифрлар тиісінше «7,1», «1,6», «5,5», «1,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«12,2» деген цифрлар алып тасталсын;
сегізінші бөлікте:
бірінші абзац «абаттандыруды» деген сөзден кейін «, Астана қаласында жоспарлы А, Б ауданының, Слободканың, Кеңесары - Есіл өзені - Күмісбеков - Сарыарқа көшесінің, Жангелдин - Кеңесары - Күмісбеков - Сарыарқа көшесінің, Бөгенбай - Жангелдин - Күмісбеков - Сарыарқа көшесінің инженерлік желілері мен жолдарын, № 19 жоспарлы ауданының инженерлік желілерін (жылумен жабдықтау), Астана қаласында «Слободка» ауданынан қолданыстағы ф. 2000 мм қиылысына дейін (Қорғалжын тас жолы) кәріздік коллектор салуды және КСС-43-тен КТС-на дейін қолданыстағы коллекторды қайта жайластыруды.» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац «абаттандыру» деген сөзден кейін «, жасыл екпелерді қайта жаңарту, Садоводческая көшесі бойында құбырлы дренаж салу» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта «71,1», «13,4», «64,2», «10,8», «6,9», «2,6» деген цифрлар тиісінше «75,3», «17,6», «69,9», «16,5», «5,4», «1,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
тоғызыншы бөлікте:
бірінші абзац «абаттандыру» деген сөзден кейін «, ЖЭО-2 № 1 күл үйіндісінің пысықталған картасын қайта өңдеу (№ 2 ұяшық, ішінара)» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші абзацта «2,07», «1,76», «2,0», «1,7» деген цифрлар тиісінше «0,47», «0,16», «0,4», «0,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
оныншы бөлікте:
екінші абзацта «2,0» деген цифрлар «11,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту» деген 3.10-кіші бөлімде:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«жаңартылатын ресурстар мен энергияның баламалы көздерін қолдану.»;
«Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген 4-тараудың екінші бөлігінде:
«523,2», «495,5», «27,6», «0,07» деген цифрлар тиісінше «545,2», «510,6», «32,3», «2,35» деген цифрлармен ауыстырылсын;
кесте және оған ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«
Республикалық бюджет |
Жергілікті бюджет |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың және концессионерлердің қаражаты |
ЖИЫНЫ |
|
2006 |
62,5* |
6,9 |
- |
69,4 |
2007 |
79,3 |
7,7 |
- |
87,0 |
2008 |
100,9 |
4,1 |
0,01 |
105,01 |
2009 |
140,2* |
6,2 |
1,8 |
148,2 |
2010 |
98,0* |
2,7 |
0,54 |
101,2 |
Жиыны |
510,6** |
32,3** |
2,35 |
545,2** |
* Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2006 - 2007 жж. кредит қаражаты - 5,07 млрд. теңге), Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2008 - 2010 жж. кредит қаражаты - 25,0 млрд. теңге) шеңберінде қала бюджеті тұрғын үй құрылысына алатын кредиттерді есепке алмағанда;
** Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жылдар бойынша қаржыландыруға 34,4 млрд. теңге сомасындағы 2006 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылануы қосылды, оның ішінде: республикалық бюджет - 29,7 млрд. теңге; жергілікті бюджет - 4,7 млрд. теңге;
электр және жылу энергетикасына - 91,5 млрд. теңге;
сумен жабдықтауға және су бұруға - 101,8 млрд. теңге;
көлік жүйесін дамытуға - 96,4 млрд. теңге;
білім беру жүйесіне - 27,0 млрд. теңге;
денсаулық сақтауды дамытуға - 35,9 млрд. теңге;
мәдениет пен спортты дамытуға - 63,7 млрд. теңге;
тұрғын үй құрылысына - 7,1 млрд. теңге;
абаттандыруға - 75,3 млрд. теңге;
қоршаған ортаны қорғауға - 0,47 млрд. теңге;
индустриялық парк салуға - 11,6.».
«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 5-тарауда:
екінші бөлікте:
төртінші абзацта «2,8», «3,6», «1,3» деген цифрлар тиісінше «2,2», «2,2», «2,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
бесінші абзацта «18,8», «24» деген цифрлар тиісінше «6,0», «4,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
он төртінші абзацта:
«21», «2», «2», «9» деген цифрлар тиісінше «10», «3», «1», «6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«8 жер асты өткелдерін» деген сөздер алып тасталсын;
отыз екінші абзацта «71,8» деген цифрлар тиісінше «74,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
«Астана қаласын дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың жоспарланатын көрсеткіштері» деген 7-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
2006 ж. | 2007 ж. | 2008 ж. | 2009 ж.* | 2010 ж.* | |
---|---|---|---|---|---|
Өнеркәсіп өнімінің өсім қарқыны, % |
18,8 |
19,2 |
19,3 |
-2,3 |
3,8 |
Экономикалық белсенді халық қатарынан шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағы, % |
18,2 |
20,2 |
22,1 |
26,3 |
29,1 |
Тұрғын үйді пайдалануға беру, мың шаршы метр |
530 |
662,5 |
462,1 |
1250,0 |
1300,0 |
Сыртқы сауда айналымы, млн. доллар: |
3060 |
3720 |
4460 |
6307,0 |
8245,1 |
экспорт (млн. долл.) |
1710 |
2000 |
2300 |
5011,0 |
5384,6 |
импорт (млн. долл.) |
1350 |
1720 |
2160 |
1296,0 |
2860,5 |
Жұмыссыздық деңгейі, % |
7,6 |
6,9 |
6,9 |
6,9 |
6,9 |
Кірістер (ресми трансферттерді есепке алмағанда), млрд. теңге |
41,0 |
45,9 |
47,1 |
70,6 |
67,4 |
* болжамды есептік мәліметтер.».
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев