Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеу мөлшерін және оны жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2300 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.09.2015 № 735 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері;
      2) Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2300 қаулысымен
бекітілген    

Қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге
асырғаны үшін донорларға ақы төлеу мөлшері

      1. Ақылы негізде қан мен оның компоненттерін тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорға ақшалай төлемақы төлеу мынадай мөлшерде (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш) жүзеге асырылады:
      1) бір мәрте қан тапсырғаны үшін (450 + 10 %) - 2 айлық есептік көрсеткіш;
      2) екі мәрте плазмаферез кезінде бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр плазма) - 4 айлық есептік көрсеткіш;
      3) екі мәрте плазмаферез кезінде миллилитрінде 6 Халықаралық Бірліктен кем емес антидене титрі бар иммундық бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр иммундық плазма) - 7 айлық есептік көрсеткіш;
      4) екі мәрте плазмаферез кезінде 1 : 64-тен төмен емес резус антидене титрімен изоиммундық бір мәрте плазма тапсырғаны (донациялағаны) үшін (550 + 50 миллилитр изоиммундық плазма) - 8 айлық есептік көрсеткіш;
      5) аппараттық цитаферез кезінде тромбоциттердің бір дозасын бір мәрте (дозадағы тромбоциттердің саны кемінде 200 х 109) тапсырғаны (донациялағаны) үшін - 1 айлық есептік көрсеткіш;
      6) аппараттық цитаферез кезінде эритроциттердің бір дозасын бір мәрте (дозада кемінде 45 грамм гемоглобин) тапсырғаны (донациялағаны) үшін - 2 айлық есептік көрсеткіш.
      2. Донор 1-тармақтың 1) тармақшасында белгіленген көлемнен аз қан тапсырған (донациялаған) кезде ақшалай төлемақы осы 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген барабар мөлшерде жүзеге асырылады.
      3. Донор бір мәрте плазмаферез жүргізе отырып, қан компоненттерін (плазмалар, иммундық плазма, изоммундық плазма) тапсырған (донациялаған) кезде ақшалай өтемақы 1-тармақтың 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген барабар мөлшерде жүзеге асырылады.
      4. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымында донордың қан мен оның компоненттерін өтеусіз негізде тапсыруды (донациялауды) жүзеге асыруы кезінде донор өз қанының көлемін және организмінің энергетикалық шығындарын толтыру үшін тапсырған (донациялаған) күні қалауы бойынша тегін тамақ не тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,25 мөлшеріндегі оның ақшалай баламасын алады.
      Бұл ретте донорға тегін тамақ беру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тамақтандырудың табиғи нормаларына сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2009 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 2300 қаулысымен
бекітілген    

Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны
(донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру
ережесі

      1. Осы Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеуді жүзеге асыру ережесі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленді және қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақшалай төлемақы төлеуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) жүзеге асырғаны үшін донорға ақша төлеуді қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары жүргізеді.
      3. Қан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымында қан мен оның компоненттерін тапсырудан (донациялаудан) кейін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қан мен оның компоненттерін тапсыруды (донациялауды) растайтын құжат беріледі.
      4. Осы Ереженің 3-тармағында көзделген құжаттың негізінде донорға қан мен оның компоненттерін тапсыру (донациялау) күні ақша төлеу жүзеге асырылады.
      5. Донордың плазмасында плазманы тапсыру (донациялау) кезінде оны центрифугалау әдісімен қанның нысанды элементтерінен бөлгеннен кейін онда хилез (бұлдыр, ақ түстен ақшыл түске дейін майлану) байқалған кезде, донорға ақша төлеу жүзеге асырылмайды.

Об утверждении размеров и Правил осуществления выплат донорам за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2300. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 2015 года № 735

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.09.2015 № 735 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые:
      1) размеры выплат донорам за осуществление дачи (донации) крови и ее компонентов;
      2) Правила осуществления выплат донорам за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе.
      2. Настоящее постановление вводится в действие после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 30 декабря 2009 года № 2300

Размеры выплат донорам за осуществление дачи (донации)
крови и ее компонентов

      1. Донору за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе осуществляется выплата денег в следующих размерах (месячных расчетных показателях, установленных законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год):
      1) за разовую дачу (донацию) крови (450 + 10 %) - 2 месячных расчетных показателя;
      2) за разовую дачу (донацию) плазмы при двукратном плазмаферезе (550 + 50 миллилитров плазмы) - 4 месячных расчетных показателя;
      3) за разовую дачу (донацию) иммунной плазмы с титром антител не менее 6 Международных Единиц в миллилитре при двукратном плазмаферезе (550 + 50 миллилитров иммунной плазмы) - 7 месячных расчетных показателей;
      4) за разовую дачу (донацию) изоиммунной плазмы с титром резус антител не ниже 1: 64 при двукратном плазмаферезе (550 + 50 миллилитров изоиммунной плазмы) - 8 месячных расчетных показателей;
      5) за разовую дачу (донацию) одной дозы тромбоцитов (количество тромбоцитов в дозе не менее 200 х 109) при аппаратном цитоферезе - 1 месячный расчетный показатель;
      6) за разовую дачу (донацию) одной дозы эритроцитов (в дозе не менее 45 грамм гемоглобина) при аппаратном цитоферезе - 2 месячных расчетных показателя.
      2. При даче (донации) донором крови меньше объема, установленного в подпункте 1) пункта 1, выплата денег осуществляется пропорционально размеру, указанному в подпункте 1) пункта 1.
      3. При даче (донации) донором компонентов крови (плазмы, иммунной плазмы, изоиммунной плазмы) проведением однократного плазмафереза, выплата денег осуществляется пропорционально размерам, указанным в подпунктах 2), 3), 4) пункта 1.
      4. При осуществлении донором дачи (донации) крови и ее компонентов в организации здравоохранения, осуществляющей деятельность в сфере службы крови, на безвозмездной основе, для восполнения объема своей крови и энергетических затрат организма в день дачи (донации) донор по выбору получает бесплатное питание либо его денежный эквивалент в размере 0,25 месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год.
      При этом выдача донору бесплатного питания производится согласно натуральных норм питания, утверждаемых Правительством Республики Казахстан.

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 30 декабря 2009 года № 2300

Правила осуществления выплат донорам
за дачу (донацию) крови и ее компонентов
на платной основе

      1. Настоящие Правила осуществления выплат донорам за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и определяют порядок осуществления выплат денег донорам за дачу (донацию) крови и ее компонентов на платной основе.
      2. Выплата денег донору за осуществление дачи (донации) крови и ее компонентов производится организациями здравоохранения, осуществляющими деятельность в сфере службы крови.
      3. Донору после дачи (донации) крови и ее компонентов в организации здравоохранения, осуществляющей деятельность в сфере службы крови, выдается документ, подтверждающий дачу (донацию) крови и ее компонентов, по форме, установленной уполномоченным органом в области здравоохранения.
      4. На основании документа, предусмотренного пунктом 3 настоящих Правил, донору осуществляется выплата денег в день дачи (донации) крови и ее компонентов.
      5. При визуальном выявлении хилеза (мутная, опалесцирующая, от беловатого до молочного цвета) в плазме у донора после отделения ее от форменных элементов крови методом центрифугирования во время дачи (донации) плазмы, выплата денег донору не осуществляется.