Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 735 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 1887 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 470-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналасындағылар үшін қауіпті төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1937 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 476-құжат).
      3. «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2299 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 49-құжат).
      4. «Қан мен оның компоненттерін ақылы негізде тапсырғаны (донациялағаны) үшін донорларға ақы төлеу мөлшерін және оны жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2300 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 50-құжат).
      5. «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 10, 94-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады