Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тәжин - Қазақстан Республикасы Президентінің
Марат Мұханбетқазыұлы көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Байбек - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бауыржан Қыдырғалиұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Қайрат Айтмұхамбетұлы қызмет істері агенттігінің төрағасы;
көрсетілген ведомствоаралық комиссияның құрамынан А.А. Орсариев және С.Н. Ахметов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев