Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасынан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1282 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың үшінші абзацындағы «үйлестіру орталығы» деген сөздер «ұлттық органы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов