Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасынан туындайтын міндеттемелерді Қазақстан Республикасының орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 1282 Қаулысы

      "Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахен хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 17 маусымдағы Заңымен Қазақстан Республикасы ратификациялаған Биологиялық әртүрлілік туралы конвенцияға Картахен хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұлттық үйлестіру орталығы;
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құзыретті ұлттық органы болып тағайындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.01.25 № 22 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады