"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 ақпандағы № 68 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
      765-баптың 7-тармағында «заңнамасында» деген сөз «заңында» деген сөзбен ауыстырылсын;
      830-баптың 5-тармағының 4-1) тармақшасында «заңнамасында» деген сөз «заңында» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 25 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және 23 желтоқсанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білікті заң көмегін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 16 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      168-3-баптың бүкіл мәтінінде «жекеше нотариустар», «жекеше нотариустарға» деген сөздер «ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустар», «ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен нотариаттық іс-қимылды жүзеге асыратын нотариустарға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат, 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат, № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
      50-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 1-1) тармақшасында «заңнамасына» деген сөз «заңына» деген сөзбен ауыстырылсын;
      51-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде «заңнамасында» деген сөз «заңында» деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат):
      43-баптың 3-тармағының 3-1) тармақшасында «заңнамасында» деген сөз «заңында» деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат):
      1) 3-баптың 7) тармақшасында:
      алтыншы абзацта «заңды тұлғалардың не құралымдардың кәсіпорындар құруға, оларды жұмыс істетуге немесе басқаруға және сатып алуға-сатуға қатысты клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «заңды тұлғаларды құруға, оларды жұмыс істетуге немесе басқаруға;
      кәсіпорындарды сатып алу-сатуға қатысты клиенттің атынан немесе оның тапсырмасы бойынша ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларға қатысатын кездегі жағдайларда;»;
      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операция шетел валютасымен жүзеге асырылса, соманың теңгемен баламасы осындай операцияның жасалу күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.»;
      3) 5-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «қоспағанда)» деген сөзден кейін «, сондай-ақ заңды мекенжайын» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 10-бапта:
      бірінші бөлік «кезінде» деген сөзден кейін «мемлекеттік және орыс тілдерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қаржы мониторингі субъектілері уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша беруге міндетті. Қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпараттың нысаны мынадай бөлімдерді: кіріспе ақпаратты, қаржы мониторингі субъектісі туралы мәліметтерді, қаржы мониторингіне жататын операция мен операцияға қатысушылар туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
      Қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат құжатпен тіркеледі және оны қаржы мониторингі субъектілері:
       1) осы Заңның 3-бабының 1-тармағы 1) - 5), 10) тармақшаларында көрсетілген - ерекше қызмет түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен, операция жасалған сәттен бастап үш сағаттан кешіктірмей;
      2) осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 6) - 9) тармақшаларында көрсетілген, сондай-ақ ерекше қызмет түрі шетел валютасымен айырбастау жасалатын операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар электрондық тәсілмен немесе қағаз тасығышта олар жасалғаннан кейін жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті органға береді.
      3. Қаржы мониторингіне жататын операция туралы мәліметтер мен ақпаратты:
      1) егер осы мәліметтер мен ақпарат анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда жеке және заңды тұлғалардың атынан өкілдік ету және оларды қорғау мәселелері бойынша заң көмегін көрсетуге байланысты алынған жағдайда, сондай-ақ шешімі кәсіби заңды білімді талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер, кеңестер беру және жазбаша қорытындылар, талап арыздар, шағымдар жазу және құқықтық сипаттағы өзге құжаттар түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде адвокаттар;
      2) шешімі кәсіби заңды білімді талап ететін мәселелер бойынша олардың консультациялар, түсіндірулер түрінде заң көмегін көрсетуі кезінде нотариустар ұсынбайды.»;
      5) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Ішкі бақылау ережелерін тиісті мемлекеттік органдармен келісім бойынша уәкілетті орган бекітетін Үлгі ереженің негізінде қаржы мониторингі субъектілері әзірлейді, қабылдайды және орындайды, және мыналарды:
      осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген шарттарды;
      осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көрсетілген қаржы мониторингіне жататын ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операциялардың тізбесін;
      күдікті операцияларды анықтау критерийлерін;
      өз клиенттерін тиісінше тексеру үшін қажетті құжаттар тізбесін;
      өз клиенттерін тиісінше тексеру шараларын;
      корреспондент банктермен корреспонденттік қарым-қатынастар жасайтын қаржы мониторингі субъектісінің оларды тиісінше тексеру шараларын;
      осы Заңның 13-бабының 1-тармағында көрсетілген клиент операцияларын жүргізуден бас тарту негіздерін;
      осы Заңның 13-бабы 2-тармағына сәйкес клиенттің күдікті операциялары туралы уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ету жөніндегі шараларды;
      қаржы мониторингі субъектілері лауазымды адамдарының сәйкестендіру деректеріне және өз клиенттерін тиісінше тексеру жөніндегі өзге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуді;
      осы Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес алынған ақпаратты сақтау және қорғау тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;
      заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында жұмылдырылған қаржы мониторингі субъектілерінің қызметкерлерін даярлау және оқыту жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шараларды;
      лауазымды адамдарды тағайындауға, олардың біліктілігіне және даярлауға қойылатын талаптарды қамтуы тиіс»;
      6) 12-бапта:
      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) адамның терроризмге қарсы күрес жүргізетін халықаралық ұйымдар немесе олар уәкілеттік берген, олардың және Қазақстан Республикасының арасында тиісті халықаралық шарттар жасалған немесе Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын органдар жасайтын террористік ұйымдармен немесе террористермен байланысты ұйымдар мен жеке тұлғалардың тізбесінде болуы негіз болып табылады.»;
      мынадай мазмұнды 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесінен ұйымды немесе жеке тұлғаны алып тастау аталған тізбеге оларды енгізу үшін негіз болған мән-жайлардың әрекетін тоқтату туралы ақпараттың негізінде жүзеге асырылады. Аталған тізбе өз құзыреті шегінде құқықтық статистика саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, сондай-ақ басқа да құзыретті мемлекеттік органдар уәкілетті органға ұсынатын ақпаратқа сәйкес жаңартылып отырады.»;
      7) 13-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Уәкілетті орган осы баптың 2-тармағының бірінші абзацында көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде, егер қаржы мониторингі субъектісі ұсынған күдікті операциялар туралы хабарлама уәкілетті орган жүргізген талдау нәтижелері бойынша негізді деп танылған жағдайда күдікті операцияның жүргізілуін күнтізбелік үш күнге дейінгі мерзімге тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
      Күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттілігі жоқ екендігі туралы шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және күдікті операция туралы хабарламаны электрондық тәсілмен немесе қағаз тасығышта ұсынған қаржы мониторингі субъектісіне жеткізіледі.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Уәкілетті орган күдікті операцияның жүргізілуін тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бес сағаттан кешіктірмей ақпаратты Бас прокуратураға тапсырады, ол уәкілетті органнан күдікті операцияны тоқтата тұру туралы хабарлама алған сәттен бастап сегіз сағат ішінде жеткізуді ескере отырып құқық қорғау органдарына олардың құзыретіне сәйкес шешім қабылдау үшін ақпарат жібереді.
      Тиісті құқық қорғау органдары ақпарат алған сәттен бастап қырық сегіз сағат ішінде тиісті шешім қабылдауға және ол туралы Бас прокуратураға және уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
      Уәкілетті орган құқық қорғау органдарының тиісті шешімін алған сәттен бастап үш сағат ішінде қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізеді.»;
      8) 16-баптың 5) тармақшасында «ақпарат жібереді» деген сөздер «жіберуге ақпаратты Бас прокуратураға ұсынады» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 17-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында «заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру белгілері» деген сөздер «осы Заңның 4-бабының 4-тармағында белгіленген бір немесе бірнеше критерийлерге сай келетін күдікті операцияның белгілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 18-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша алып тасталсын;
      2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      3) тармақшада:
      «жүйелерінен» деген сөз «жүйелері мен ресурстарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «міндетті.» деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) өз қызметі процесінде алынған қызметтік, коммерциялық, банктік немесе өзге заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты сақтаудың, қорғаудың және сақталуының тиісті режимін қамтамасыз етуге міндетті.»;
      11) 19-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші
бөліктермен толықтырылсын:
      «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты беру шет мемлекеттің құзыретті органының сұрауы бойынша, егер ол сұрауда көрсетілмеген мақсатта қолданылмайды не уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді деген шартпен жүзеге асырылады.
      Шет мемлекеттің құзыретті органдарына заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру туралы ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне зиян келтірмеген жағдайда жүзеге асырылады.»;

      2-бап. Осы Заң 2010 жылғы 9 наурызда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 февраля 2010 года № 68

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Проект

Закон Республики Казахстан

О внесении изменений и дополнений в некоторые
законодательные акты Республики Казахстан по вопросам
противодействия легализации (отмыванию) доходов,
полученных незаконным путем, и финансированию терроризма

      Статья 1. Внести изменения и дополнения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:
      1. В Гражданский кодекс Республики Казахстан (Особенная часть) от 1 июля 1999 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1999 г., № 16-17, ст. 642; № 23, ст. 929; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 10, ст. 244; № 22, ст. 408; 2001 г., № 23, ст. 309; № 24, ст. 338; 2002 г., № 10, ст. 102; 2003 г., № 1-2, ст. 7; № 4, ст. 25; № 11, ст. 56; № 14, ст. 103; № 15, ст. 138, 139; 2004 г., № 3-4, ст. 16; № 5, ст. 25; № 6, ст. 42; № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 21-22, ст. 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 4, ст. 24, 25; № 8, ст. 45; № 11, ст. 55; № 13, ст. 85; 2007 г., № 3, ст. 21; № 4, ст. 28; № 5-6, ст. 37; № 8, ст. 52; № 9, ст. 67; № 12, ст. 88; 2009 г., № 2-3, ст. 16; № 9-10, ст. 48; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88):
      в пункте 7 статьи 765 слово "законодательством" заменить словом "законом";
      в подпункте 4-1) пункта 5 статьи 830 слово "законодательством" заменить словом "законом".
      2. В Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях от 30 января 2001 года (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2001 г., № 5-6, ст. 24; № 17-18, ст. 241; № 21-22, ст. 281; 2002 г., № 4, ст. 33; № 17, ст. 155; 2003 г., № 1-2, ст. 3; № 4, ст. 25; № 5, ст. 30; № 11, ст. 56, 64, 68; № 14, ст. 109; № 15, ст. 122, 139; № 18, ст. 142; № 21-22, ст. 160; № 23, ст. 171; 2004 г., № 6, ст. 42; № 10, ст. 55; № 15, ст. 86; № 17, ст. 97; № 23, ст. 139, 140; № 24, ст. 153; 2005 г., № 5, ст. 5; № 7-8, ст. 19; № 9, ст. 26; № 13, ст. 53; № 14, ст. 58; № 17-18, ст. 72; № 21-22, ст. 86, 87; № 23, ст. 104; 2006 г., № 1, ст. 5; № 2, ст. 19, 20; № 3, ст. 22; № 5-6, ст. 31; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; № 12, ст. 72, 77; № 13, ст. 85, 86; № 15, ст. 92, 95; № 16, ст. 98, 102; № 23, ст. 141; 2007 г., № 1, ст. 4; № 2, ст. 16, 18; № 3, ст. 20, 23; № 4, ст. 28, 33; № 5-6, ст. 40; № 9, ст. 67; № 10, ст. 69; № 12, ст. 88; № 13, ст. 99; № 15, ст. 106; № 16, ст. 131; № 17, ст. 136, 139, 140; № 18, ст. 143, 144; № 19, ст. 146, 147; № 20, ст. 152; № 24, ст. 180; 2008 г., № 6-7, ст. 27; № 12, ст. 48, 51; № 13-14, ст. 54, 57, 58; № 15-16, ст. 62; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; № 24, ст. 126, 128, 129; 2009 г., № 2-3; ст.7, 21; № 9-10, ст. 47, 48; № 13-14, ст. 62, 63; № 15-16, ст. 70, 72, 73, 74, 75, 76; № 17, ст. 79, 80, 82; № 18, ст. 84, 86; № 19, ст. 88; Закон Республики Казахстан от 9 ноября 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оценочной деятельности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 14 ноября 2009 года и "Казахстанская правда" 13 ноября 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам беженцев", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 12 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам защиты прав граждан на неприкосновенность частной жизни", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 7 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам дальнейшего усиления борьбы с коррупцией" опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 8 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам пресечения лжепредпринимательства", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 15 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 11 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам продовольственной безопасности", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 25 декабря 2009 года и "Казахстанская правда" 23 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 11 декабря 2009 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам обеспечения квалифицированной юридической помощью", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" 22 декабря 2009 года и "Казахстанская правда" 23 декабря 2009 г.; Закон Республики Казахстан от 6 января 2010 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам таможенного дела", опубликованный в газетах "Егемен Қазақстан" и "Казахстанская правда" 16 января 2010 г.):
      по всему тексту статьи 168-3 слова "частных нотариусов" заменить словами "нотариусов, осуществляющих нотариальные действия с деньгами и (или) иным имуществом".
      3. В Закон Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., № 15-16, ст. 106; Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., № 2, ст. 184; № 15, ст. 281; № 19, ст. 370; 1997 г., № 5, ст. 58; № 13-14, ст. 205; № 22, ст. 333; 1998 г., № 11-12, ст. 176; № 17-18, ст. 224; 1999 г., № 20, ст. 727; 2000 г., № 3-4, ст. 66; № 22, ст. 408; 2001 г., № 8, ст. 52; № 9, ст. 86; 2002 г., № 17, ст. 155; 2003 г., № 5, ст. 31; № 10, ст. 51; № 11, ст. 56, 67; № 15, ст. 138, 139; 2004 г., № 11-12, ст. 66; № 15, ст. 86; № 16, ст. 91; № 23, ст. 140; 2005 г., № 7-8, ст. 24; № 14, ст. 55, 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 11, ст. 55; № 16, ст. 99; 2007 г., № 2, ст. 18; № 4, ст. 28, 33; 2008 г., № 17-18, ст. 72; № 20, ст. 88; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18, 21; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88):
      в подпункте 1-1) части второй пункта 4 статьи 50 слово "законодательством" заменить словом "законом";
      в части третьей пункта 1 статьи 51 слово "законодательством" заменить словом "законом".
      4. В Закон Республики Казахстан от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 14, ст. 119; 2004 г., № 16, ст. 91; № 23, ст. 142; 2005 г., № 7-8, ст. 24; № 14, ст. 58; № 23, ст. 104; 2006 г., № 3, ст. 22; № 4, ст. 24; № 8, ст. 45; № 10, ст. 52; № 11, ст. 55; 2007 г., № 2, ст. 18; № 4, ст. 28; № 9, ст. 67; № 17, ст. 141; 2008 г., № 15-16, ст. 64; № 17-18, ст. 72; № 20, ст. 88; № 21, ст. 97; № 23, ст. 114; 2009 г., № 2-3, ст. 16, 18; № 17, ст. 81; № 19, ст. 88):
      в подпункте 3-1) пункта 3 статьи 43 слово "законодательством" заменить словом "законом".
      5. В Закон Республики Казахстан от 28 августа 2009 года "О противодействии легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансированию терроризма" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2009 г., № 19, ст. 87):
      1) в подпункте 7) статьи 3:
      в абзаце шестом слова "либо образованиями и купли-продажи предприятий" исключить;
      дополнить абзацем седьмым следующего содержания: "купли-продажи предприятий;";
      2) пункт 1 статьи 4 дополнить частью второй следующего содержания:
      "Если операция с деньгами и (или) иным имуществом осуществляется в иностранной валюте, эквивалент суммы в тенге рассчитывается по рыночному курсу обмена валюты на день совершения такой операции, определенному согласно законодательству Республики Казахстан.";
      3) подпункт 1) пункта 3 статьи 5 дополнить словами ", а также юридический адрес";
      4) в статье 10:
      часть первую дополнить словами "на государственном и русском языках";
      пункты 2, 3 изложить в следующей редакции:
      "2. Субъекты финансового мониторинга обязаны представлять в уполномоченный орган сведения и информацию об операциях, подлежащих финансовому мониторингу по форме, утверждаемой уполномоченным органом. Форма сведений и информации об операции, подлежащей финансовому мониторингу, должна содержать следующие разделы: вводную информацию, сведения о субъекте финансового мониторинга, сведения об операции и участниках операции, подлежащей финансовому мониторингу.
      Сведения и информация об операциях, подлежащих финансовому мониторингу, документально фиксируются и представляются в уполномоченный орган субъектами финансового мониторинга:
      1) указанными в подпунктах 1) - 5), 10) пункта 1 статьи 3 настоящего Закона - электронным способом, не позднее трех часов с момента совершения операции, посредством выделенных каналов связи, за исключением юридических лиц, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой;
      2) указанными в подпунктах 6) - 9) пункта 1 статьи 3 настоящего Закона, а также юридическими лицами, исключительным видом деятельности которых является организация обменных операций с иностранной валютой - электронным способом или на бумажном носителе не позднее двадцати четырех часов после их совершения.
      3. Сведения и информация об операции, подлежащей финансовому мониторингу, не предоставляются:
      1) адвокатами: в случае, если эти сведения и информация получены в связи с оказанием юридической помощи по вопросам представительства и защиты физических и юридических лиц в органах дознания, предварительного следствия, судах, а также при оказании ими юридической помощи в виде консультаций, разъяснений, советов и письменных заключений по вопросам, разрешение которых требует профессиональных юридических знаний, составления исковых заявлений, жалоб и других документов правового характера;
      2) нотариусами: при оказании ими юридической помощи в виде консультаций, разъяснений по вопросам, разрешение которых требует профессиональных юридических знаний.";
      5) пункт 3 статьи 11 изложить в следующей редакции:
      "3. Правила внутреннего контроля разрабатываются, принимаются и исполняются субъектами финансового мониторинга на основании Типовых правил, утверждаемых уполномоченным органом по согласованию с соответствующими государственными органами, и должны включать в себя:
      условия, указанные в пункте 1 статьи 4 настоящего Закона;
      перечень операций с деньгами и (или) иным имуществом, подлежащих финансовому мониторингу, указанных в пункте 2 статьи 4 настоящего Закона;
      критерии определения подозрительных операций;
      перечень документов, необходимых для надлежащей проверки своих клиентов;
      меры надлежащей проверки своих клиентов;
      меры надлежащей проверки банков-корреспондентов субъектом финансового мониторинга, устанавливающим с ними корреспондентские отношения;
      основания для отказа от проведения операций клиента, указанные в пункте 1 статьи 13 настоящего Закона;
      меры по обязательному информированию уполномоченного органа о подозрительных операциях клиента, в соответствии с пунктом 2 статьи 13 настоящего Закона;
      обеспечение доступа должностных лиц субъектов финансового мониторинга к идентификационным данным и иной информации по надлежащей проверке своих клиентов;
      меры по обеспечению порядка хранения и защиты информации, полученной в соответствии с пунктом 3 статьи 5 настоящего Закона;
      меры по организации системы подготовки и обучения сотрудников субъектов финансового мониторинга, задействованных в сфере противодействия легализации (отмыванию) доходов, полученных незаконным путем, и финансирования терроризма;
      требования к назначению, квалификации и подготовке должностных лиц.";
      6) в статье 12:
      подпункт 5) пункта 4 изложить в следующей редакции:
      "5) нахождение лица в перечне организаций и физических лиц, связанных с террористическими организациями или террористами, составляемом международными организациями, осуществляющими борьбу с терроризмом, или уполномоченными ими органами, между которыми и Республикой Казахстан заключены соответствующие международные договора, или членом которых является Республика Казахстан.";
      дополнить пунктом 5 следующего содержания:
      "5. Исключение организации или физического лица из перечня организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, осуществляется на основании информации о прекращении действия обстоятельств, послуживших основаниями для включения их в указанный перечень. Также данный перечень обновляется в соответствии с информацией, предоставляемой в уполномоченный орган государственным органом, осуществляющим в пределах своей компетенции статистическую деятельность в области правовой статистики, а также другими компетентными государственными органами.";
      7) в статье 13:
      часть третью пункта 2 исключить;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      "3. Уполномоченный орган, получив сообщение, предусмотренное в абзаце первом пункта 2 настоящей статьи, в течение двадцати четырех часов с момента его получения вправе принять решение о приостановлении проведения подозрительной операции на срок до трех календарных дней, в случае, если сообщение о подозрительной операции, представленное субъектом финансового мониторинга, по результатам анализа, проведенного уполномоченным органом, признано обоснованным.
      Решение о приостановлении подозрительной операции либо об отсутствии необходимости в приостановлении подозрительной операции оформляется приказом уполномоченного органа и доводится до субъекта финансового мониторинга, предоставившего сообщение о подозрительной операции электронным способом или на бумажным носителе.";
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      "5. Уполномоченный орган не позднее пяти часов с момента принятия решения о приостановлении проведения подозрительной операции передает информацию в Генеральную прокуратуру, которая с учетом доставки направляет информацию в течение восьми часов с момента получения сообщения о приостановлении подозрительной операции от уполномоченного органа в правоохранительные органы в соответствии с их компетенцией для принятия решения.
      Соответствующие правоохранительные органы с момента получения информации обязаны в течение сорока восьми часов принять соответствующее решение и сообщить о нем в Генеральную прокуратуру и уполномоченный орган.
      Уполномоченный орган доводит до субъекта финансового мониторинга соответствующее решение правоохранительных органов в течении трех часов с момента получения.";
      8) в подпункте 5) статьи 16 слово "направляет информацию" заменить словом "передает информацию в Генеральную прокуратуру для направления";
      9) в подпункте 2) пункта 1 статьи 17 слова "признаков легализации (отмывания) доходов, полученных незаконным путем, и финансирования терроризма" заменить словами "признаков подозрительной операции, отвечающей одному или нескольким критериям, установленным пунктом 4 статьи 4 настоящего Закона,";
      10) в статье 18:
      в пункте 1:
      в подпункте 1) слова ", в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан" исключить;
      подпункт 3) исключить;
      в части первой пункта 2:
      в подпункте 3) после слов "информационных систем" дополнить словами "и ресурсов";
      дополнить подпунктом 4) следующего содержания:
      "4) обеспечивать соответствующий режим хранения, защиты и сохранность полученной в процессе своей деятельности информации, составляющей служебную, коммерческую, банковскую или иную охраняемую законом тайну.";
      11) пункт 2 статьи 19 дополнить частями второй и третьей следующего содержания:
      "Передача информации о легализации (отмывании) доходов, полученных незаконным путем, и финансировании терроризма осуществляется по запросу компетентного органа иностранного государства при условии, что она не будет использована в целях, не указанных в запросе, либо передана третьим лицам без предварительного согласия уполномоченного органа.
      Передача компетентным органам иностранного государства информации о легализации (отмывании) доходов, полученных незаконным путем, и финансировании терроризма осуществляется в случае, если она не наносит ущерба интересам национальной безопасности Республики Казахстан.".
      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие с 9 марта 2010 года.

      Президент
      Республики Казахстан