Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 229-IV Заңы

           1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 155 құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 72, 77-құжаттар; N 13, 85, 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20, 23-құжаттар; N 4, 28, 33-құжаттар; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 13, 99-құжат; N 15, 106-құжат; N 16, 131-құжат; N 17, 136, 139, 140-құжаттар; N 18, 143, 144-құжаттар; N 19, 146, 147-құжаттар; N 20, 152-құжат; N 24, 180-құжат; 2008 ж., N 6-7, 27-құжат; N 12, 48, 51-құжаттар; N 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; N 15-16, 62-құжат; N 20, 88-құжат, N 21, 97-құжат; N 23, 114-құжат, N 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж, N 2-3, 7, 21-құжаттар; N 9-10, 47, 48-құжаттар; N 13-14, 62, 63-құжаттар; N 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; N 17, 79, 80, 82-құжаттар; N 18, 84, 86-құжаттар; N 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 309-1-бапта:
      бірінші бөлік алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
      «9. Агенттің астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын олардың нысаналы пайдаланбауы -
      шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеттемені орындамауы -
      дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

      2) 560-1-баптың бірінші бөлігіндегі «309-1 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде» деген сөздер 309-1 (екінші, үшінші, төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 576-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар

      1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., N 21, 93-құжат):
      70-баптың 1-тармағындағы «Білім беру,» деген сөздерден кейін «сорт сынағы, ветеринария,» деген сөздермен толықтырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 173-құжат; 2000 ж., N 5, 115-құжат; 2004 ж., N 14, 82-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 16, 70-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 20, 153-құжат; 2009 ж., N 15-16, 74-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) азық-түлік қауіпсіздігі - тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін білдіретін экономиканың жай-күйі;
      2) ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі;
      3) әскери қауіпсіздік - елдің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына әскери сипатта төнген нақты және ықтимал қауіп-қатерлер мен қол сұғушылықтан Қазақстан Республикасы қорғалуының жай-күйі;
      4) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі (бұдан әрі - ұлттық қауіпсіздік) - елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
      5) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері (бұдан әрі - ұлттық мүдделер) - іске асырылуына мемлекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық әлеуметтік және басқа да қажеттерінің жиынтығы;
      6) қоғамдық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының азаматтары өмірінің, денсаулығының және игілігінің, сондай-ақ Қазақстан қоғамы құндылықтарының нұқсан келтіруге қабілетті ықтимал қауіптер мен қатерлерден саяси-құқықтық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік жағынан қорғалуы;
      7) сыртқы қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделерінің шет мемлекеттер, шетелдік ұйымдар мен азаматтар тарапынан туындайтын қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
      8) ұлттық қауіпсіздік объектілері - жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам, оның материалдық және рухани құндылықтары, мемлекет, оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы;
      9) ұлттық қауіпсіздік субъектілері - өз өкілеттігін биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарының органдары арқылы жүзеге асыратын мемлекет, азаматтар мен ұйымдар;
      10) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатер - ұлттық мүдделерді іске асыруға кедергі жасайтын немесе оларға қауіп төндіретін жағдайлардың, процестер мен факторлардың жиынтығы;
      11) ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасы - жеке адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын, Қазақстан қоғамының құндылықтарын, негіз қалаушы мемлекеттік институттарды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ресми қабылданған көзқарастар мен шаралар жүйесі;
      12) экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлер салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
      13) экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан қорғалуының жай-күйі.»;

      2) 4-баптың 10) тармақшасындағы «дамыту болып табылады.» деген сөздер «дамыту;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) отандық агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің азық-түлік қауіпсіздігін толығынан қамтамасыз ететіндей тиянақты жұмыс істеуі және дамуы болып табылады.»;

      3) 5-бап мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
      «14) ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік тауарлары өндірісінің қысқаруына, сапасының, бәсекеге қабілеттілігінің және қолжетімділігінің төмендеуіне, олардың Қазақстан Республикасында өндірілмейтіндерінің басқа мемлекеттерден берілімінің қысқаруына байланысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің нашарлауы.»;

      4) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
      «24-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету:
      1) жасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, тұрған және тұрғылықты жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасында өндірілетін, әкелінетін және өткізілетін азық-түлік тауарлары сапасының Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі;
      3) ішкі және сыртқы қолайсыз факторлардың әсеріне қарамастан азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру, жаңарту және толықтыру;
      4) аграрлық азық-түлік нарығына қол жеткізу үшін тең бәсекелестік ортаны құру;
      5) мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығы;
      6) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпкерлер қауымдастықтарының (одақтарының) рөлін арттыруға жәрдемдесу;
      7) аграрлық азық-түлік нарығының жай-күйі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен ашықтығы принциптеріне құрылады.
      Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың:
      1) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін нашарлататын;
      2) азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуін, азық-түліктің ішкі ресурстарының төмендеуін арзандататын;
      3) азық-түлік тауарларын Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге заңсыз әкетуге ықпал ететін;
      4) сапасыз және халық үшін қауіпті азық-түлік тауарларын ішкі нарыққа әкелуге ықпал ететін шешімдер қабылдауына және іс-әрекеттер (әрекетсіздік) жасауына жол берілмейді.
      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі нашарлаған кезде азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына уақытша тыйым салу мен шектеулер енгізуге құқылы.»;

      5) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «27-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік
               саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
      4. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің  Жаршысы, 1999 ж., N 19, 655-құжат; 2004 ж., N 17, 100-құжат; 2005 ж.у N 21-22, 87-құжат; 2007 ж., N 5-6, 37-құжат):
      25-баптағы «Заңдарға» деген сөз «және Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағы жөніндегі мемлекеттік комиссия заңнамаға» деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат; N 15-16, 232-құжат; 2003 ж, N 19-20, 148-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 24, 148-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат; N 3, 20-құжат; N 9, 67-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 89-құжат; 2009 ж., N 18, 84-құжат):

      1) 1-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «3-1) ақша резерві - мемлекеттік астық ресурстарын өткізуден түскен таза кіріс есебінен қалыптастырылатын және агенттің ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын сатып алу бағасынан төмен бағамен пайдалану кезінде туындаған залалдарын өтеу үшін пайдаланылатын (өткізуге жұмсалатын шығыстары ескеріле отырып) агенттің басқаруында болатын ақша резерві;»;
      8) , 13-1), 15), 16) және 19) тармақшалар тиісінше 10-1), 13-3), 13-1), 13-5) және 13-2) тармақшалар болып есептелсін;
      мынадай мазмұндағы 13-4), 26-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «13-4) астықты нысаналы пайдалану - агент астықты қайта өңдеу ұйымдарына ішкі нарықты реттеу мақсатында, тиісті облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өткізілетін нан-тоқаш өнімдерін өндіру мақсатында өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін өткізген мемлекеттік астық ресурстарын олардың пайдалануы;»;
      «26-1) отандық астық өндірушілер - Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын және астық өндірумен айналысатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;»;
      «27-1) сатып алу бағасы - құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) ұлттық басқарушы холдинг болып табылатын, агроөнеркәсіптік кешен нарықтарына талдамалық зерттеулерді жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандандырылған ұйым беретін деректер негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тиісті жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша астықтың ішкі нарықта қалыптасқан нарықтық бағасын ескере отырып белгілейтін баға;»;

      2) 2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасы»;

      3) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) агентті айқындайды;»;
      3) тармақша «сақталу» деген сөзден кейін «, жаңартылу, ауыстырылу» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 10), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
      «10) астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық ресурстарына экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін астық жеткізуінің мөлшерін айқындайды;
      11) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу тәртібін бекітеді;
      12) сатып алу бағасын белгілейді.»;

      4) 6-бапта:
      2-2) тармақшадағы «және астық нарығы мониторингі бойынша есептіліктің дәйектілігі» деген сөздер алып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) астық қабылдау кәсіпорындарының: уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу; астықтың сақталуы; астық қолхаттарының берілуі, айналымы және өтелуі ережелерін сақтауын бақылау;»;
      10) тармақша «әзірлеу» деген сөзден кейін «және бекіту» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 21)-32) тармақшалармен толықтырылсын:
      «21) астық қабылдау кәсіпорнын зерттеп-тексеру актісінің нысанын әзірлеу және бекіту;
      22) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректеріне сәйкестігін тексеру;
      23) облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлеу және бекіту;
      24) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      25) мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдалану туралы шешім қабылдау;
      26) мемлекеттік астық ресурстарына:
      агент пен отандық астық өндіруші;
      агент пен астық экспорттаушы арасындағы астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      27) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      28) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын әзірлеу және бекіту;
      29) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысанын әзірлеу және бекіту және оларды астық экспорттаушыға беру.
      30) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелері жөнінде ұсыныстар енгізу;
      31) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысанын әзірлеу;
      32) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және жоюдың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдемесін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлеу.»;

      5) 6-1 және 6-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,
                астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті

      1. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
      2) астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметті лицензиялау;
      3) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
      5) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;
      6) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
      7) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
      8) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;
      9) астық қабылдау кәсіпорындарын:
      бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын лицензиядан кейінгі жыл сайынғы тексеруді;
      астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
      10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
      11) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту;
      12) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
      13) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
      14) тендерлік негізде:
      ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
      мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға өткізу үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
      15) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
      16) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
      17) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіреді.
      2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:
      1) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
      2) тендерлік негізде:
      ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын оларға өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын;
      мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнды оларға сату үшін нан пісіру ұйымдарын айқындау;
      3) астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;
      4) астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын нысаналы пайдалануын бақылау;
      5) мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан өндірілген ұнның және нан-тоқаш өнімдерінің шекті бағасын айқындау және астықты қайта өңдеу ұйымдарының, нан пісіру ұйымдарының және көтерме-бөлшек сауда ұйымдарының оны сақтауына бақылауды жүзеге асыру кіреді.

      6-2-бап. Агенттің функциялары

      Агент мынадай:
      1) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, ауыстыру және пайдалану;
      2) ақша резервін қалыптастыру;
      3) облыстың жергілікті атқарушы органының сұратуы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін ұсыну;
      4) мемлекеттік астық ресурстарын сақтау үшін белгіленген тәртіппен астық қабылдау кәсіпорындарын таңдау;
      5) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік тұқым ресурстарынан және мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан тұқымдық және жемдік астық несиелерін беру функцияларын жүзеге асырады.»;

      6) 7-бапта:
      2-тармақтағы «органдары» деген сөз «бөлімшелері» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау.»;

      7) мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-баптармен толықтырылсын:
      «7-1-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық
                ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін
                орындауын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      Облыстың жергілікті атқарушы органы отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылауды жүзеге асыру мақсатында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) агенттен мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындаған отандық астық өндірушілердің тізбесін сұратады;
      2) мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындамаған отандық астық өндірушілерге осы міндетті орындағанын растау қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
      3) отандық астық өндіруші мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағанын растамаған жағдайда, оған Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде ұйғарым береді;
      4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.

      7-2-бап. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын
               және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын
               нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру тәртібі

      1. Агент ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарына өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығы нысаналы пайдаланылуға жатады.
      2. Астықты қайта өңдеу ұйымдарының өткізілетін астықты нысаналы пайдалану жөнінде міндеттемелер қабылдауы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын өткізу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарын айқындау жөніндегі тендерге қатысуға жіберудің міндетті шарты болып табылуға тиіс.
      3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы астықты қайта өңдеу ұйымдарының мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мақсатында:
      1) ішкі нарықты реттеу мақсатында астықты қайта өңдеу ұйымдарынан агент өткізген мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын олардың пайдаланғаны туралы мәліметтерді растау құжаттарымен қоса сұратады;
      2) астықты қайта өңдеу ұйымдары мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын нысаналы пайдаланғаны туралы мәліметтерді бермеген жағдайда, астықты қайта өңдеу ұйымына Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықты жою туралы бір ай ішінде нұсқама береді;
      3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады.»;

      8) 9-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Мемлекеттік астық ресурстарын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу мақсатында пайдаланған кезде астықты тиеп жөнелту, тасымалдау және сертификаттау жөніндегі қызметтер агенттің астықты жеткізу жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауын қамтамасыз ететін басым (бірінші кезектегі) тәртіппен көрсетіледі.»;

      9) 10-бапта:
      4) тармақшадағы «ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен» деген сөздер «астық өндірушілерден» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2) және 4-3) тармақашалармен толықтырылсын:
      «4-1) астықты қайта өңдеу ұйымдарына мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығын өткізу;
      4-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығын сатып алу үшін астықты қайта өңдеу ұйымдарына кредит беру;
      4-3) ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің гуманитарлық көмек көрсету, ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарының астығын өткізу кезіндегі шығыстарын өтеу;»;

      10) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «11-бап. Мемлекеттік астық ресурстары

      1. Мемлекеттік астық ресурстары:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резервінен;
      2) мемлекеттік жемдік астық ресурстарынан;
      3) мемлекеттік тұқым ресурстарынан;
      4) мемлекеттік сатылатын астық ресурстарынан;
      5) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан тұрады.
      2. Мемлекеттік азық-түліктік астық резерві:
      1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру мұқтажын;
      2) Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
      3. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығында жемге қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.
      4. Мемлекеттік тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болған кезде отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына қажеттіліктерін тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргізу, мемлекетаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылған және соған арналған мемлекеттік тұқым қорлары.
      5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - мемлекеттік азық-түліктік астық резервін, мемлекеттік тұқым ресурстарын, мемлекеттік жемдік астық ресурстарын жаңарту, гуманитарлық көмек көрсету, астықты экспортқа жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықта, оның ішінде оны реттеуге арналып та өткізу үшін құрылған және соған арналған астық қоры.
      Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастырғанға дейін және (немесе) олар жетіспеген жағдайда ішкі нарықты реттеу үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережелерінде белгіленген тәртіппен пайдаланылуы мүмкін.
      6. Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары - облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың қажеттіліктерін бәсекелестік секторымен қамтамасыз етілмеген бөлігінде қамтамасыз ету арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және астықтың ішкі нарығын реттеу үшін құрылған және соған арналған астық қорлары.
      7. Мемлекеттік астық ресурстарын сақтау және орнын ауыстыру жөніндегі шығыстар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары үшін - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстарын гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланған кезде астықтың құны және гуманитарлық жүкті жеткізу жөніндегі шығындар бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      9. Мемлекеттік астық ресурстарын ішкі нарықты реттеу үшін сатып алу бағасынан төмен бағамен (өткізуге жұмсалған шығыстарды ескере отырып) пайдаланған кезде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес бағаланған шығын ақша резервінің қаражаты есебінен өтеледі.
      Ақша резервінің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, агенттің шығыны бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
      10. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын пайдаланған кезде туындаған шығынын өтеу үшін агент уәкілетті органға ақша қаражатын бөлу негізділігін растайтын құжаттарды (орындалған жұмыстардың актілерін, темір жол жүк құжаттарын) ұсынады.»;

      11) мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-баптармен толықтырылсын:
      «11-1-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру

      1. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен:
      1) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар немесе одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерден осы Заңның 11-2-бабына сәйкес астық сатып алу;
      2) агенттің өнімді бөлу туралы келісімдер негізінде астық өндірісіне отандық астық өндірушілерге қаржы ресурстарын беру жолымен қатысуы;
      3) отандық астық өндірушілерден олардың ұсыныстары (офертасы) негізінде астық сатып алу;
      4) осы Заңның 12-3-бабына сәйкес астық экспорттаушылардан астық сатып алу арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік астық ресурстарына жеткізілетін астыққа ақы төлеу сатып алу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
      3. Астық мемлекеттік астық ресурстарына астық қолхаттарына индоссамент жасау арқылы жеткізіледі.
      4. Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу жөніндегі шығыстар:
      1) мемлекеттік азық-түліктік астық резерві, мемлекеттік сатылатын астық ресурстары, мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары үшін - бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік тұқым ресурстары, мемлекеттік жемдік астық ресурстары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру агенттің басқаруына берілетін мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын пайдаланудан түскен қаражат есебінен де жүзеге асырылады.
      5. Агент мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алуды күнтізбелік жыл бойына қамтамасыз етеді.

      11-2-бап. Отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық
                ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті

      1. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілер агентпен мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартын жасасу арқылы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруға ағымдағы жылғы 15 қазаннан кешікпейтін мерзімде бірінші кезектегі тәртіппен қатысуға міндетті.
      Отандық астық өндірушілер, егер:
      1) астық өндірушінің дәнді дақылдар егуге арналған егіс алаңы екі жүз елу гектардан кем болса;
      2) уәкілетті орган тиісті облыс бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын белгілемесе, мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруға қатыспауға құқылы.
      2. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу мөлшері, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, астықтың жалпы түсіміне проценттік қатынаспен жыл сайын облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен бекітіледі және ол отандық астық өндірушілердің назарына жеткізіледі.
      Жалпы түсімге проценттік қатынаспен астық жеткізу мөлшері тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар барлық отандық астық өндірушілері үшін тең болуға тиіс.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің агентке астықты жеткізудің бекітілген мөлшері шегінде сатуын қамтамасыз етеді.
      4. Дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілер осы баптың 1-тармағында белгіленген мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындағаннан кейін үшінші тұлғамен астық өткізу шартын жасасуға құқылы.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап сақтамалған жағдайда, отандық астық өндіруші мен үшінші тұлға арасындағы астық өткізу шарты уәкілетті органның, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының немесе агенттің талап-арызы бойынша сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.
      5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген отандық астық өндірушілердің міндеті:
      1) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушінің астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 15 қазанға дейін жіберілген кезде агент мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастырудың белгіленген көлемде аяқталуы себебінен астық жеткізу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
      2) отандық астық өндіруші агентпен өнімді бөлу туралы келісім жасаған жағдайда орындалған болып есептеледі. Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізудің келісімде көзделген көлемі осы баптың 2-тармағына сәйкес белгіленген мөлшерден кем болмауға тиіс.
      6. Мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттерін орындаған отандық астық өндірушілер туралы ақпарат ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында уәкілетті органның, агенттің интернет-ресурсына орналастырылады.»;

      12) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «12-бап. Мемлекеттік астық ресурстарын басқару

      1. Мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды агент Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган айқындаған құзыреті шегінде шарт негізінде жүзеге асырады.
      Агент мемлекеттік астық ресурстарын басқаруға байланысты қызметтің нәтижелері бойынша уәкілетті органға есептілікті ұсынады және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын тиісінше басқармағаны үшін жауапты болады.
      2. Агенттің мемлекеттік астық ресурстарын басқаруына байланысты операциялардың есепке алынуын ол өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алудан бөлек жүзеге асырады.»;

      13) 12-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астық экспорттаушылар мемлекеттік статистика органдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленетін тізбе, нысандар бойынша және мерзімдерде мемлекеттік статистикалық есептілікті табыс етуге міндетті.»;

      14) мынадай мазмұндағы 12-3-баппен толықтырылсын:
      «12-3-бап. Астық экспорттаушылардың мемлекеттік астық
                 ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті

      1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру мақсатында астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған экспортталатын көлемге проценттік қатынаспен есептелетін мөлшерде астық жеткізуді жүзеге асыруға міндетті.
      2. Егер мемлекеттік астық ресурстарын осы Заңның 11-1-бабы 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген тәсілдермен толық көлемінде қалыптастыру мүмкін болмайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның ұсынысы бойынша мемлекеттік астық ресурстарын астық экспорттаушылардан астық сатып алу жолымен қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.
      3. Астық экспорттаушылар мемлекеттік астық ресурстарына астықты күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін жеткізуге міндетті.
      4. Астық экспорттаушы астықты Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына уәкілетті органның мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау туралы растауын табыс етуге міндетті.
      5. Егер агент, астық экспорттаушының астық жеткізу жөніндегі ұсынысы агентке ағымдағы жылғы 30 желтоқсанға дейін жіберілген жағдайда, мемлекеттік астық ресурстарын белгіленген көлемде қалыптастырудың аяқталуы себебінен астық жеткізу шартын жасасудан бас тартса, астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндеті орындалған болып есептеледі.»;

      15) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-тарау. Астық қабылдау кәсіпорындары, қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау орталықтары»;

      16) 13-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы «қырман шаруашылықтарында» деген сөздерден кейін «және (немесе) сервистік-дайындау орталықтарында» деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 14-баптың 3) тармақшасындағы «босатуға міндетті.» деген сөздер «босатуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) мемлекеттік астық ресурстары астығын басым (бірінші кезектегі) тәртіппен қабылдауды, сақтауды және тиеп жөнелтуді қамтамасыз етуге міндетті.»;

      18) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға
               кепілдік беру жүйесі және қоры (қорлары)

      1. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негізінде астық қабылдау кәсіпорындары ғана астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы бола алады.
      Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөліктерін ұстаушылардың алдында өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды жүзеге асырады, ол сақтауға қабылданған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі болған кезде астық қолхатын әрбір ұстаушыға сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтемі кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде сақтандыру төлемдерін франшиза талаптарын қолданбастан төлеуді қамтамасыз етеді.
      2. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорын сақтауға қабылдаған астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісі басталған кезде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) осы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сақтауға тапсырылған, сапасы жоғалған немесе нашарлаған астықтың өтем кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен проценті мөлшерінде ақшалай өтейді.
      Астық сапасының жоғалу немесе нашарлау фактісін уәкілетті орган белгілейді.
      Астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхатын ұстаушының осы астық қабылдау кәсіпорнына талап ету құқығы оның төлеген сомасы шегінде көшеді.
      Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) астық қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында астық қолхаттарының тізілімін беруге міндетті.
      3. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерді сақтандыруы (өзара сақтандыруы) мүмкін.
      4. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгізілген астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысушы астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезектегі тәртіппен жүргізеді.»;

      19) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1-бап. Қырман шаруашылықтары және сервистік-дайындау
                 орталықтары

      Қырман шаруашылығы деп жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі және астық пен тұқымның тауарлық партияларын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында астықты бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс танылады.
      Қырман шаруашылығы сервистік-дайындау орталығы түрінде құрылуы мүмкін.
      Қырман шаруашылығында және (немесе) сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Осы қызметті жүзеге асыратын тұлға астық қолхаттарын беруге құқылы емес.»;

      20) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Астық қабылдау кәсіпорындары мен астық нарығына басқа да қатысушылардың мемлекеттік статистика органдарына ұсынатын мемлекеттік статистикалық есептілігінің тізбесі, нысандары және мерзімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітілетін статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес белгіленеді.»;

      21) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «30-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия

      1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия уәкілетті органның, облыстың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерінен тұрады.
      2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін уәкілетті орган астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың бәріне үш күн мерзімде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар ұсыну туралы ұсыныс жібереді.
      Кандидатуралар ұсынылмаған не ұсынудан бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган уақытша басқару жөніндегі комиссияны дербес құруға құқылы.
      3. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
      1) уақытша әкімшіліктің мүшелерін қызметке тағайындау (қызметтен босату);
      2) уақытша әкімшіліктің қызмет нәтижелері туралы есебін бекіту;
      3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау кіреді.
      4. Егер астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) қатысушысы болмаса, уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - елу процент;
      2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкілетті орган - жиырма бес процент.
      5. Астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) қатысқан жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссиядағы өкілдердің шешім қабылдау кезіндегі дауыстары мынадай проценттік қатынаспен бөлінеді:
      1) астық қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес процент;
      2) астық қабылдау кәсіпорны - жиырма бес процент;
      3) уәкілетті орган - жиырма бес процент;
      4) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры (қорлары) - жиырма бес процент.
      6. Уақытша басқару жөніндегі комиссия жалпы дауыс санының кемінде үштен екісіне ие өкілдер қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы.
      Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
      7. Уақытша басқару жөніндегі комиссияны құрудың, оның қызметін ұйымдастырудың өзге мәселелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.»;

      22) 33-2-бапта:
      2-тармақтың 7) тармақшасындағы «енгізуді жүзеге асырады» деген сөздер «енгізуді;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен графиктер негізінде тоқсан сайынғы жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушыларда астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректеріне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.»;
      3-тармақтағы «бақылау мен астық нарығы мониторингін» деген сөздер «бақылауды» деген сөзбен ауыстырылсын;

      23) мынадай мазмұндағы 41-4-баппен толықтырылсын:
      «41-4-бап. Қазақстан Республикасының астық туралы
                 заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
      6. «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., N 3, 16-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 24, 148-құжат; 2009 ж.,N 18, 84-құжат):
      1) бүкіл мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілеттік орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілеттік органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      1) тармақша алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) агент - акцияларының (үлестерінің) жүз проценті агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингке немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған оның еншілес ұйымына тиесілі және мемлекеттік тұқым ресурстарын басқару жөніндегі өкілеттікті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
      5) тармақшада:
      «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен» деген сөздермен, «аттестаттаған» деген сөз «аттестатталған» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілеттік органның қарауындағы ұйым;»;
      18) тармақшадағы «сорттың» деген сөз «селекциялық жетістіктің» деген сөздермен, «сынақтан өткізу мен бағалау» деген сөздер «сараптамадан және сынақтан өткізу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «29-1) тұқым өткізуші - облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органы аттестаттаған, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының партияларын өткізу және (немесе) тұқым несиесін беру жөніндегі қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;»;
      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «36) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілеттік орган) - өз құзыреті шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты және оның ғылыми қамтамасыз етілуін іске асыруды, тұқым шаруашылығына қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;

      3) 2-баптың 2-тармағы алтыншы абзацындағы «заңды тұлғалар жатады.» деген сөздер «заңды тұлғалар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «тұқым өткізушілер;
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорт сынағын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия;
      агент жатады.»;

      4) 4-бапта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мыналарды:
      тұқым шаруашылығы субъектілерін алғашқы аттестаттауды;
      аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзімі өткеннен кейін тұқым шаруашылығы субъектілерін:
      бірегей тұқым өндірушілерді - бес жылда бір рет;
      элиталы тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;
      тұқым өсіру шаруашылықтарын - үш жылда бір рет;
      тұқым өткізушілерді - екі жылда бір рет;
      тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды - үш жылда бір рет;
      байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын үш жылда бір рет қайта аттестаттауды;
      тұқым шаруашылығы субъектілерін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына аттестаттаудан кейін жыл сайын зерттеп-тексеруді қамтитын тұқым шаруашылығы субъектілерін аттестаттау;»;
      2) тармақша «тізілімін» деген сөзден кейін «және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін» деген сөздермен толықтырылсын;
      4) тармақшадағы «, оның ішінде сорттық және тұқымдық» деген сөздер алып тасталсын;
      7) тармақшадағы «және (немесе) перспективалы деп танылған» деген сөздер алып тасталсын;

      5) 5-бапта:
      7) тармақшадағы «білім беру және тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың» деген сөздер «білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның және уәкілеттік органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
      8) тармақшада:
      «және (немесе) перспективалы деп танылған» деген сөздер алып тасталсын;
      «бірегей тұқымдар» деген сөздер «сорттардың бірегей тұқымдарының» деген сөздермен, «тұқым сорттарының» деген сөздер «тұқымдарының» деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 6-баптың 1-тармағында:
      6) тармақшадағы «байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді, сорттардың оригинаторларын тіркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргізу ережелерін» деген сөздер «тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізетін зертханаларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік актілерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
      7-2) мыналарды:
      Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
      ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін;
      тұқым шаруашлығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін бекітеді;»;
      16), 17) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «16) уәкілеттік орган бекіткен сорттар оригинаторларын тіркеу ережелеріне сәйкес сорттар оригинаторларын тіркейді;
      17) осы тармақтың 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квота шегінде субсидиялауға жататын тұқымды өткізудің шекті бағасын белгілейді;»;
      «20) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
      тұқым шаруашылығында аттестатталған әрбір субъекті үшін - бірегей тұқымдар бойынша;
      әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқым бойынша айқындайды;»;
      мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
      «29) патент беруге арналған қорытындысымен қоса сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді.»;

      7) 6-1-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
      5) дақылдың басымдығын ескере отырып егіс алаңына себілетін тұқымдарға қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларының негізінде:
      элиталық-тұқым өсіру шаруашылығы үшін - элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу;
      тұқым өсіру шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндіру, өткізу және сатып алу квотасын бөледі;»;

      8) 8-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тұқым шаруашылығы субъектілерінің уәкілеттік орган бекіткен бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін, тұқым шаруашылығы саласындағы әдістемелік және технологиялық талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды, оның ішінде сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыруға;»;

      9) 9-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) тұқым шаруашылығы субъектілерін уәкілеттік орган бекітетін біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанасына жүргізілетін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасының сақталуын бақылауды;»;

      10) 10-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы «сарапшылары аттестатталуға жатады.» деген сөздер «сарапшылары;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) тұқым өткізушілер аттестатталуға жатады.»;

      11) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Осы Заңда белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өтпеген жеке және заңды тұлғалар (агентті қоспағанда) тұқымдарды сату құқығынсыз өз қажеттері үшін ғана өндіру мен пайдалануды жүзеге асыра алады.
      Агент өзіне жүктелген функцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде уәкілеттік органмен шарт негізінде және Мемлекеттік тұқым ресустарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелеріне сәйкес жүзеге асырады.»;

      12) 15-бап алып тасталсын;

      13) 20-бапта:
      1-тармақтағы «Тұқым сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер «Тұқым өткізушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «тұқымдарды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар» деген сөздер «тұқым өткізушілер» деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 21-баптың 1-тармағындағы «тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде, мемлекеттік стандарттарда және басқа да нормативтік құжаттарда» деген сөздер «нормативтік құқықтық актілерде, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:
      «5-1-тарау. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы
      23-3-бап. Сорттардың патент қабілеттілігін және шаруашылыққа
                пайдалылығын сараптау және сынау

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының патент қабілеттілігі және шаруашылыққа пайдалылығы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бекітетін өсімдіктер тегінен түрлерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік сынақ және (немесе) өтініш берушінің деректері бойынша бағаланады.

      23-4-бап. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт
                сынағын қаржыландыру көздері

      Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы бойынша шығыстарды қаржыландыру:
      1) бюджет қаражаты;
      2) мемлекеттік сорт сынағы саласындағы қызмет көрсетулерге ақы төлеу тәртібімен түсетін қаражат;
      3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорт сынағы нәтижесінде алынған өнімдерді өткізуден түсетін қаражат;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.»;

      16) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «25-бап. Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы
               туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
      7. «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 23, 141-құжат; 2009 ж., N 17, 80-құжат; N 18, 84-құжат):

      9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Сауда қызметі саласында баға белгілеу

      Тауарларға бағаны, тараптардың келісімі бойынша шекті сауда үстемесінің мөлшері белгіленетін, тауар берушінің талап етуі бойынша азық-түлік тауарларын беру шарты жасалатын жағдайларды қоспағанда, сауда қызметінің субъектілері дербес белгілейді.
      Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын беру шарттарын жасасқан кезде шекті сауда үстемесінің мөлшері міндетті түрде белгіленуге тиіс. Осы талап бұзылып жасалған мәміле жарамсыз болады.».
      8. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат; 2007 ж., N 5-6, 42-құжат; N 18, 145-құжат; 2008 ж., N 23, 124-құжат; 2009 ж., N 17, 82-құжат):

      1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
      2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
      3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
      4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган - агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
      7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
      8) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік - республиканың барлық аумағында азық-түлік тауарларының кез келген уақытта және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде болуы;
      9) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік - азық-түлік тауарларын тұтынудың қолда бар құрылымы, бағалар жүйесі, табыстар деңгейі, әлеуметтік жәрдемақылар мен жеңілдіктер кезінде халықтың азық-түлік тауарларын тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сатып алу мүмкіндігі;
      10) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары - аграрлық азық-түліктік нарыққа реттеушілік ықпал жасау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын астықты қоспағанда, азық-түлік тауарларының жедел пайдаланылатын қоры;
      11) азық-түлік тәуелсіздігі - азық-түлік тауарларын басқа мемлекеттерден жеткізу тоқтатылған жағдайда мемлекет отандық өндіріс есебінен оларға нақты қол жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті болатын экономиканың жай-күйі;
      12) атаулы субсидиялау - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын субсидияларды нақты алушыларды өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржыландыру;
      13) ауыл шаруашылығы өнімі - бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикізаты және өнімі, оның ішінде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнімдер;
      14) ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеу - ауыл шаруашылығы өнімін оның физикалық-механикалық қасиеттерін өзгерте отырып, қайта өңдеудің технологиялық процесі;
      15) ауыл шаруашылығы санағы - белгілі бір күндегі ауыл шаруашылығының құрылымы мен жай-күйі туралы ақпарат жинау жөніндегі статистикалық операция;
      16) ауылды оңтайлы қоныстандыру - ауылдық елді мекендердің ауыл тұрғындары тұрмысының қажетті деңгейін тіршілікті қамтамасыз ету қызметін көрсетудің нормативтік деңгейіне сәйкес қамтамасыз етуге негізделіп, орналастырылуы;
      17) ауылдық аумақтар - ауылдық елді мекендер мен оларға іргелес жатқан жерлердің жиынтығы;
      18) ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган - ауылдық аумақтарды дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      19) ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы - денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, жолдар, почта-жинақтау жүйесі, газбен, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету және су бұру, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинау мен кәдеге жарату объектілерін қоса алғанда, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жүйесі;
      20) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, белсенді әрі салауатты өмірді сақтау үшін адам ағзасының негізгі тағамдық өнімдерге және энергияға қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейтін азық-түлік тауарлары;
      21) баға интервенциясы - астықты қоспағанда, мемлекеттің ішкі нарықта азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурсынан тіркелген бағалар бойынша азық-түлік тауарларын өткізуі жөніндегі әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жоспарында айқындалған инфляция деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша өткізілетін іс-шара, ол осы өнімге нарықтық бағалар өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан жылдық орташа нарықтық баға деңгейінен жоғары болған жағдайда ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылады;
      22) ғарыштық мониторинг - жердің пайдаланылуына байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; Жерді қашықтықтан зондтау деректері негізінде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің жай-күйі мен өнімділігін бағалау және болжау үшін өңдеу;
      23) мамандандырылған ұйымдар - акционерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі және (немесе) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында құрылатын олардың аффилиирленген тұлғалары болып табылатын ұйымдар;
      24) мемлекеттік техникалық инспекция - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды тиісті құжаттары мен мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін бере отырып мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу, аталған көлік құралдары мен тіркемелерді пайдаланатын, оның ішінде сенімхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу, оларды жүргізу құқығына емтихан қабылдау және куәлік беру, оларды пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалау;
      25) сатып алу операциялары - мемлекеттің аграрлық және азық-түліктік нарықты тұрақтандыру және экспортқа өнім жеткізуді қамтамасыз ету үшін, ішкі және сыртқы нарықта, астықты қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін тіркелген баға бойынша сатып алуы жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүргізілетін іс-шаралар;
      26) сервистік-дайындау орталығы - селолық тұтыну кооперативіне не қатысушылары бір немесе бірнеше селолық тұтыну кооперативтері болып табылатын заңды тұлғаға меншік құқығымен немесе өзге құқықтармен тиесілі, ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы өнімдерін өндіру, жабдықтау, дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөніндегі және ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жөндеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерге арналған объект;
      27) тұтынудың физиологиялық нормалары - сау адамның физиологиялық қажеттілігі толық қанағаттандырылатын тағамдық өнімдердің азықтық және энергетикалық құндылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тағамдық өнімдерді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары;
      28) фитосанитариялық қауіпсіздік - ауыл шаруашылығы мақсатындағы объектілер мен өсімдік шаруашылығы өнімінің өсімдік зиянкестерінен, ауруларынан және арамшөптерден қорғалуының жай-күйі;
      29) ішкі азық-түлік ресурстары - белгілі бір уақыт кезеңінде республика аумағында өндірілетін азық-түлік тауарларының болуы.»;

      2) 5-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) азық-түлік қауіпсіздігі саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ету;
      1-2) азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары қорының көлемін, құрылымын, оларды қалыптастыру, орналастыру сақтау, пайдалану және жаңарту ережелерін бекіту;»;
      8) тармақшадағы «ауыл шаруашылығы өнімінің» деген сөздер «азық-түлік тауарларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту;
      «8-2) қарсы күрес жүргізілуі бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдер тізбесін және зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін бекіту;»;

      3) 6-бапта:
      1-тармақта:
      6) тармақшадағы «ветеринариялық және фитосанитариялық» деген сөздер «ветеринариялық-санитариялық, фитосанитариялық және техникалық» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшаның төртінші абзацындағы «нарықтарының мониторингін жүргізу;» деген сөздер «нарықтарының;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмүндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) тракторлардың және олардың базасында жасалған шассилер мен тетіктердің, арнайы жабдықпен монтаждалған тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерінің пайдаланылу ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;
      21) тармақшадағы «қамтамасыз ету кіреді.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22), 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
      «22) нарыққа реттеушілік ықпал жасау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығару туралы және мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтар шығаруға қатысушы ұйымдардың тізбесі, шығарылатын материалдық құндылықтардың көлемі мен бағалары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;
      23) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру кіреді;
      24) көтермелеудің салалық жүйесін бекітеді;
      25) субсидиялар алушының міндеттемесінің нысанын бекітеді.»;
      2-тармақтың 7) тармақшасындағы «жүзеге асыру кіреді.» деген сөздер «жүзеге асыру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) ауылдық аумақтарды дамыту бөлігінде жергілікті атқарушы органдардың өңірлік бағдарламаларын, стратегиялық жоспарларын және жергілікті инвестициялық жобаларды келісу кіреді.»;

      4) 7-баптың 2-тармағында:
      1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ауылдық аумақтарды дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік органмен келісілген өңірлік бағдарламаларын, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) бекітуіне ұсыну және оларды іске асырудың мониторингін жүргізу;»;
      «8) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;»;
      мынадай мазмұндағы 12-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «12-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының (бағдарламалардың) және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін жасау;»;

      5) 11-бапта:
      2-тармақта:
      5) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған дақылдар бойынша егістік жердің бір гектарына есептеп субсидия беру» деген сөздер «басым дақылдар өндіруді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен субсидиялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «5-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату;
      5-2) ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (жиынтықтаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарының құнын арзандату;»;
      8) тармақшадағы «көшеттік материалын өсіру» деген сөздер «өсіру (оның ішінде қалпына келтіру)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2), 8-3) және 8-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      «8-1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау;
      8-2) ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;
      8-3) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;
      8-4) ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарған кезде көлік шығыстарына, оның ішінде ұлттық компаниялар мен олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының шығыстарына жұмсалатын шығындардың құнын арзандату;»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Атаулы субсидиялау:
      1) субсидия алушы мемлекеттік статистика органдарына алынған өнімнің жалпы түсімі және оның ай сайын жұмсалуы туралы дәйекті мемлекеттік статистикалық есептілікті беру туралы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілеттік орган белгілеген нысан бойынша міндеттеме қабылдаған;
      2) субсидия алушы мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда атаулы субсидиялау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.».

      6) 12-бапта:
      2-тармақ «өнімі» деген сөзден кейін «және оның тереңдете өңделген өнімдері» деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Азық-түлік тауарларына өткен күнтізбелік жылда қалыптасқан орташа жылдық нарықтық бағаларды, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын және азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарынан өткізілетін азық-түлік тауарларына тіркелген бағалардың деңгейін айқындау әдістемесін агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;

      7) 15-баптың 1-тармағында:
      4) тармақшадағы «технология мен электрондық сауда-саттықты» деген сөздер «технологиялар мен жүйелерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы «ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) электрондық қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.»;

      8) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
      «16-1-бап. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы
                 сервистік-дайындау орталықтары

      Агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту, ауыл шаруашылығы құралымдарының және жеке қосалқы шаруашылықтардың өндірістік әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қайта өңдеу кәсіпорындарымен тікелей тұрақты байланыстарды орнықтыру мақсатында сервистік-дайындау орталықтары құрылуы мүмкін.»;

      9) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
      «3-1-тарау. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді
                  мемлекеттік реттеу

      19-1-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
                өлшемдері мен негізгі бағыттары

      1. Мыналар:
      1) азық-түлік тауарларына нақты қолжетімділік;
      2) азық-түлік тауарларына экономикалық қолжетімділік;
      3) тағамдық өнім қауіпсіздігінің кепілдігі азық-түлік қауіпсіздігінің өлшемдері болып табылады.
      2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары:
      1) ішкі аграрлық азық-түлік нарығын молықтыру үшін, оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін өндірушілерді қолдау арқылы молықтыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) азық-түліктің ішкі ресурстарына қатысты азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі;
      3) азық-түлік тауарларына сұраныс пен ұсынысты болжау;
      4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін орындауға бағытталған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық), өңірлік бағдарламаларын орындауды іске асыру;
      5) тамақ өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      6) орталық атқарушы органдар мен жергілікті өкілді және атқарушы органдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерімен өзара іс қимылы болып табылады.

      19-2-бап. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі

      1. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі:
      1) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына;
      2) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарының қалыптастырылуына, болуына және пайдаланылуына;
      3) астықтың мемлекеттік ресурстарының қалыптастырылуына;
      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына қатысты жүргізіледі.
      2. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингін жергілікті атқарушы органдардың және мемлекеттік статистика саласында басшылықты, оның ішінде нақты уақыт режимінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның деректері негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган жүргізеді.
      3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілеттік орган азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі негізінде азық-түлік қауіпсіздігі саласында мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастырады.

      19-3-бап. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру

      1. Азық-түлік қауіпсіздігі:
      1) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру;
      2) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру;
      3) азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдалану;
      4) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейінің мониторингі;
      5) генетикалық түрлендірілген тағамдық өнімдердің, құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар азық-түлік тауарларын азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарына сатып алынуын жою арқылы қамтамасыз етіледі.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстарының қорларын қалыптастыру, орналастыру, сақтау, пайдалану және жаңарту ережелеріне сәйкес қалыптастырады.
      3. Азық-түлік тауарларының мемлекеттік ресурстары ішкі аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал жасау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылады.
      4. Азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі нәтижелерін талдау мемлекеттік статистикаға басшылықты жүзеге асыратын уәкілеттік мемлекеттік орган ұсынатын азық-түлік тауарларының өндірісі, тауар қозғалысы, ассортименті және бағалары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады.
      5. Егер республикадағы азық-түлік тауарларының жылдық өндірісі физиологиялық тұтыну нормаларына сәйкес халықтың жылдық қажеттілігінің сексен процентінен төмен болса, онда Қазақстан Республикасының азық-түлік тауарларының түрлері бойынша тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген деп есептеледі.»;

      10) мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
      «20-1-бап. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді
                 және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу
                 туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
      9. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 16, 130-құжат; 2009 ж., N 18, 84-құжат):

      1) 5-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
      «шитті мақтаның сапасын сараптаудың құнын субсидиялау;»;

      2) 6-баптың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
      «мақта өңдеу ұйымына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялаудың ережелерін;»;

      3) 7-баптың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      «мақта өңдеу ұйымына қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауды субсидиялау ережелерін әзірлеу;»;

      4) 8-баптың 7) тармақшасындағы «беру жатады.» деген сөздер «беру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізуді ұйымдастыру жатады.»;

      5) 21-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Сервистік-дайындау орталығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялауға жатпайды. Сервистік-дайындау орталығындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар мақта қолхаттарын беруге құқылы емес».
      10. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 17, 135-құжат; 2008 ж., N 13-14, 58-құжат; N 20, 87-құжат; N 21, 97-құжат; N 24, 128-құжат; 2009 ж., N 2-3, 21-құжат; N 9-10, 47, 49-құжаттар; N 15-16, 74-құжат; N 17, 78, 82-құжаттар):

      1) 4-баптың 1-тармағының 38) тармақшасы «оның» деген сөзден кейін «тереңдете» деген сөзбен толықтырылсын;

      2) 13-баптың 17) тармақшасы «интервенциясын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтер көрсетуді сатып алуды» деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 44-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Ауыл шаруашылығы өнімін және оның тереңдете өңделген өнімдерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде жеткізушіні таңдау, ол біліктілік талаптарына сай келген кезде отандық азық-түлік тауарларын өндірушілердің пайдасына басым тәртіппен жүзеге асырылады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                             Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады