Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Қылмыстық процесті жүргізген органдардың заңсыз әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөніндегі заңнаманы қолдану тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 9 шілдедегі № 7 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 15-тармақта:
екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Сот ақтау үкімін шығарған кезде немесе істі қысқарту туралы қаулы шығарған кезде ҚІЖК-нің 40-бабында, 371-бабының екінші бөлігінде көрсетілген тұлғалардың талаптары бойынша заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартудың және соттаудың салдарынан келтірілген зиянды өтеу жөнінде шешім қабылдайды.";
екінші сөйлемнен кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Сот актісінің күші жойылғаннан кейін қойылған талапты заңсыз актіні шығарған соттың судьясы сот отырысына мүдделі тұлғаларды шақыра отырып, жеке-дара қарайды.";
2) 17-тармақта:
екінші сөйлем "қаулысына" деген сөзден кейін "апелляциялық," деген сөзбен толықтырылсын, "жоғары тұрған сотқа" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші сөйлемдегі "немесе" деген сөз "немесе/және" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | М. Әлімбеков |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |