Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғарыш қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
мынадай мазмұндағы 246-1-баппен толықтырылсын:
«246-1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде техникалық
қауіпсіздік қағидаларын бұзу
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде техникалық қауіпсіздіктің белгіленген нормалары мен қағидаларын, техникалық талаптарды, стандарттар мен нормативтерді бұзу - егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірсе, -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз мүлкі тәркіленіп, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз мүлкі тәркіленіп, үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат, № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; 2010 жылғы 23 шілдеде «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 24 шілдеде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «электрондық үкімет» мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
192-баптың екінші бөлігі «246» деген цифрлардан кейін «,246-1» деген цифрлармен толықтырылсын.
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне авиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 12 қазанда «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 13 қазанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мынадай мазмұндағы 17-1-тараумен толықтырылсын:
«17-1 тарау. Ғарыш қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
230-1-бап. Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Егер оның қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласындағы заңнамасын:
1) ғарыш қызметі саласындағы салалық сараптаманың оң қорытындысы жоқ жобаны ғарыш қызметі саласында іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс ғарыш объектілерін ұшыруды ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар белгіленген келісімсіз немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімінсіз жүзеге асырған жағдайда, оларды ұшыру;
3) белгіленген тәртіппен ғарыш объектілерін, оларға берілетін құқықтар мен олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуден жалтару түрінде бұзу -
ғарыш қызметінің тиісті түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.
230-2-бап. Ғарыш қызметі саласында белгіленген нормалар мен
қағидаларды бұзу
1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде техникалық қауіпсіздіктің белгіленген нормалары мен қағидаларын, техникалық талаптарды, регламенттерді, стандарттар мен нормативтерді бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, -
ғарыш қызметінің тиісті түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
2) 541-баптың бірінші бөлігі «222-229,» деген цифрлардан кейін «230-1, 230-2,» деген цифрлармен толықтырылсын;
3) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы елу екінші абзацпен толықтырылсын:
«ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (230-1, 230-2-баптар);».
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат, № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «байланыс,» деген сөзден кейін «ғарыш қызметінің мұқтаждығына арналған,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-тараудың тақырыбы «байланыс,» деген сөзден кейін «ғарыш қызметінің мұқтаждығына арналған,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 119-1-баппен толықтырылсын:
«119-1-бап. Ғарыш қызметінің мұқтаждығына арналған жер
1. Жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін орналастыру мен пайдалануға беру үшін бөлінген жер, сондай-ақ олардың күзет аймақтары ғарыш қызметінің мұқтаждығына арналған жерге жатады.
2. Ғарыш қызметін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен ғарыш қызметінің мұқтаждығына арналған жерді резервте ұстау жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, тұрғындардың қауіпсіздігін, сондай-ақ жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін сақтауды және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында жерді пайдаланудың ерекше шарттарымен қорғау аймақтары белгіленеді, олардың шегінде қызметтің аймақтарды белгілеу мақсаттарымен үйлеспейтін түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.»;
4) 121-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жер үсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары;».
5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
471-баптың кестесінде:
реттік нөмірі 1.35-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
«Ғарыш кеңістігін пайдалану жөніндегі қызмет».
6. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат):
1) 2-баптың 21) тармақшасы және 67-баптың 2-тармағы «әскери қызметшілерге» деген сөздерден кейін «, ғарышкерлерге кандидаттарға, ғарышкерлерге» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 68-баптың 10) тармақшасы «орындау кезінде,» деген сөздерден кейін «ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 74-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы «қызметкерлері» деген сөзден кейін «, ғарышкерлерге кандидаттар, ғарышкерлер» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 74-баптың 3-тармағы «алдында» деген сөзден кейін «ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде қайтыс болған адамдардың жанұяларын,» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 101-баптың 2-тармағында:
«бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері,» деген сөздерден кейін «ғарышкерлер,» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ғарыш қызметі саласында 15 жылдан астам жұмыс өтілі бар ғарышкерлердің тұрғын үй-жайды тегін жекешелендіру құқығы бар.».
7. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат):
осы Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
«29-1. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік орган:
1) ғарыш қызметі саласындағы бақылау;
2) ғарыш қызметіне қатысушылардың үшінші тұлғалардың алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы бақылау.».
8. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат; 2008 ж, № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 6-7, 41-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат):
1-баптың 17) тармақшасы «, ғарыш объектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
2-баптың 2-тармағында:
«өзен-теңіз» жүзу кемелеріне» деген сөздерден кейін «, ғарыш объектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
«су көлігі» деген сөздерден кейін «, ғарыш қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;
11-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне» деген сөздерден кейін «, ғарыш объектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
12-баптың 5) тармақшасы «өзен-теңіз» жүзу кемелеріне» деген сөздерден кейін «, ғарыш объектілеріне» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті