Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша қаражатын бөлу және Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 737 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы «103500000 (бір жүз үш миллион бес жүз мың)» деген сөздер «98400000 (тоқсан сегіз миллион төрт жүз мың) деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
«Бірлігінің құны (теңге)» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолдағы «115000» деген сандар «112000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдағы «115000» деген сандар «108000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «115000» деген сандар «108000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Көлемінің құны (теңге)» деген бағанда:
реттік нөмірі 1-жолдағы «34500000» деген сандар «33600000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 2-жолдағы «34500000» деген сандар «32400000» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 3-жолдағы «34500000» деген сандар «32400000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Барлығы» деген жолдағы «103500000» деген сандар «98400000» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов